ТИЕСОВ СҮЙІНШІЛІК ӘМІРХАМЗАҰЛЫ

Қазақ

 «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «Самрұқ-Қазына» АҚ өкілі.

     

«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің құрамына 2016 жылғы 28 қазанда алғаш рет сайланды («KEGOC»  АҚ Акционерлер жалпы жиналысының № 5-хаттамасы).

«KEGOC» АҚ Акционерлерінің жалпы жиналысының 2018 жылғы 26 сәуірдегі шешімімен (№ 8 хаттама) «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болып тағайындалды.

 1946 жылы 24 тамызда дүниеге келген, Ақмола облысы, Атбасар қ.

 Қазақстан Республикасының азаматы, үйленген, екі баласы бар.

 

 Білімі:

 1963-1968 - Қазақ политехникалық институты (инженер-электрик).

 Техника ғылымдарының кандидаты. 

 Бірқатар мақалалары мен жариялымдары бар, «Қазақстанда электр энергиясы нарығының     қалыпатасуы» (2 кітап) атты кітабы шығарылды. 

 

Жұмыс өтілі:

1968-1969 жж. «Целинэнерго»  АЭБ Орталық диспетчерлік қызметінің инженері                        

1969-1970 жж. «Энергосетьпроект» ҒЗИ Қазақ бөлімінің релелік қорғаныс және автоматика  бөлімінің  инженері

1970-1984 жж. Энергетика және электрификация министрлігі энерго жүйелерінің  оперативті-дисретчерлік басқармасының аға инженері, электрорежимдерді оптимизациялау қызметінің бастығы

1984-1986 жж. «Целинэнерго»  өндірістік-энергетикалық бірлестігінің Бас директорының  электр желілері жөніндегі орынбасары

1986-1990 жж. «Гурьевэнерго» өндірістік-энергетикалық бірлестігінің бас инженері

1990-1995 жж. «Гурьевэнерго» өндірістік-энергетикалық бірлестігінің Бірінші басшысы

1995-1997 жж. Қазақстан Республикасының  Энергетика және көмір кәсіпорны министрінің орынбасары, Бірінші  орынбасары

1997-1999 жж. Қазақстан Республикасының  энергетика, индустрия және сауда  департаментінің директоры

1999-2000 жж. Қазақстан Республикасының мемлекеттік Энергетикалық қадағалау комитетінің  Төрағасы. 

2000-2001 жж.   «КEGOC» ААҚ вице-президенті.

2001-2004 жж.   «КEGOC» ААҚ-ның Ақмола филиалының директоры 

2004 жылдың – 2016 жылдың мамырына дейін «КОРЭМ» АҚ Басқарма Төрағасы.

 

2016 жылғы қазаннан бастап қазіргі күнге дейін – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «Самрұқ-Қазына» АҚ өкілі.

 

Марапаты:

ТМД Еңбек сіңірген энергетигі (2001 ж.) және ҚР Еңбек сіңірген энергетигі (2006 ж.), Энергетика ардагері (2010 ж.), II  және III дәрежелі  Барыс орденімен марапатталды (2005 ж., 20011 ж.), ҚР медальдары, ҚР Президентінің алғыс хаты(2006 ж.)

 

Қосымша білімдері:

University of Kentucky 

Carol Martin Gatton of Business and Management Center

Lexington, Kentucky, USA

Has completed the Executive Policy Management Program,

Сентябрь 14-октябрь 2, 1996

 

Жетістіктері:

1. Ұлттық энергетикалық жүйесін қалыптастыру: бірегей электр беру желілерін және қосалқы станциялар 1150-500 кВ және ЭЭ ірі өндірушілерін енгізді: ГРЭС Ақсу, Екібастұз.

2. Теңіз мұнай кен орнының барлық сыртқы электр жабдықтау тізбегін әзірлеп, енгізді.

3. Қазақстанның Ұлттық  электрлік желілерінің жетілдіру бағдарламасын әзірлеп, іске асырды.

4. Қазақстанда электр энергия мен қуат нарығының жобасын әзірлеп, енгізілді.

5. 1995 жылғы «Электр энергетика туралы» бірінші Заңың жетілдірілді және қазіргі уақытқа дейін кейінгі өзгерістер мен толықтыруларды әзірлеуге қатысты.

6. Барлық нормативті-құқықтық құжаттарды әзірлеп, енгізілді (Қазақстанның электр энергия нарығының қызметіне қатысты).

7. Бірқатар мақалалар мен басылымдар бар, «Қазақстандағы электр энергиясы нарығының қалыптасуы» атты монографиясы шығарылды (2 кітап), 30 мақала.