Еншілес және бағынышты ұйымдар

Қазақ

2015 жылдың қыркүйегінде Қазақстан Республикасының Үкіметі жаңа тәсілдемелерді ескере отырып,  жаңа, аса ауқымды жекешелендіруді жоспарлаудың басталуы туралы жариялады. 2015 жылдың желтоқсанында «2016-2020 жылдарға арналған жекешелендірудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы шықты.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы №1141 қаулысымен бекітілген 2016-2020 жылдарға арналған жекешедендірудің Кешенді жоспарына сәйкес 49,9 % мөлшердегі «КазЭнергоПровод» ЖШС-нің жарғылық капиталдағы «Энергоинформ» АҚ-ның қатысу үлесі бәсекелестік ортаға берілуге жатады.

«KEGOC» АҚ Басқармасы төрағасының (2016 жылғы 22 қаңтардағы №8 бұйрығы) бұйрығына сәйкес 49,9 % мөлшердегі «КазЭнергоПровод» ЖШС-нің жарғылық капиталдағы «Энергоинформ» АҚ-ның қатысу үлесін іске асыру мәселесі бойынша Салалық компания комиссиясы мынадай құрамда құрылды:

Салалық компания комиссиясының төрағасы:

Оспанов Серік Кенесбекұлы – «KEGOC» АҚ Басқармасы төрағасының бірінші орынбасары, байланыстар: 690 104

Салалық компания комиссиясы төрағасының орынбасары:

Ақмұрзин Абат Аманұлы – «KEGOC» АҚ филиалдармен және ЕТҰ жұмыс жөніндегі басқарушы директор, байланыстар: 690 101

Салалық компания комиссиясының мүшелері:

Тасмағамбетов Дәурен Болатұлы – «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС Қорының ЕТҰ Активтерін іске асыру жобасы жөніндегі департаментінің директоры (келісім бойынша), байланыстар: 559 067

Әлияқбаров Дамир Серікұлы – «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС Қорының ЕТҰ Активтерін іске асыру жобасы жөніндегі департаментінің Жоба-Менеджері (келісім бойынша), байланыстар: 559 067

Оспанов Байтас Санитасұлы – Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Энергетика комитеті Хатшылығының сарапшысы (келісім бойынша), байланыстар: 919 332

Романова Алена Владимировна – Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Стратегиялық талдау және дамыту департаменті директорының орынбасары (келісім бойынша), байланыстар: 919 358

Ботабеков Айбек Төлеубекұлы – «KEGOC» АҚ-ның экономика жөніндегі басқарушы директоры, байланыстар: 690 248

Темірбеков Болат Жолболдинұлы – «KEGOC» АҚ-ның техникалық бақылау және қамтамасыз ету жөніндегі басқарушы директоры, байланыстар: 690 102

Сафуани Төлеген Есенқұлұлы – «KEGOC» АҚ Заң департаментінің директоры, байланыстар: 690 737

Ахметтаев Даур Диасұлы – «KEGOC» АҚ Қамтамасыз ету департаментінің директоры, байланыстар: 690 113

Личаченко Александр Васильевич – «Энергоинформ» АҚ Дамыту департаментінің директоры, байланыстар: 693 538

Салалық компания комиссиясының хатшысы:

Тойбаев Асылбек Кенжеханұлы – «Энергоинформ» АҚ-ның Дамыту департаменті дамыту бөлімінің бастығы, байланыстар: 693 556 

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің мемлекеттік мүлік тізілімінің электрондық сауда алаңында www.gosreestr.kz өткізілген бастапқы бағасы 162 950 000 теңге бойынша «КазЭнергПровод» ЖШС-нің жарғылық капиталындағы 49,9 % мөлшердегі «Энергоинформ» АҚ-ның қатысу үлесін сату жөнінде бағаны арттыру әдісін қолдана отырып, 2016 жылғы 20 мамырдағы № 35095 электрондық аукцион актісіне сәйкес болмады деп танылды (объектіні сату жөнінде аукцион залында электрондық аукцион басталған сәтте аукционға екі қатысушылардан кем тіркелді).

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің мемлекеттік мүлік тізілімінің электрондық сауда алаңында www.gosreestr.kzөткізілген бастапқы бағасы 98 373 000 теңге бойынша «КазЭнергПровод» ЖШС-нің жарғылық капиталындағы 49,9 % мөлшердегі «Энергоинформ» АҚ-ның қатысу үлесін сату жөнінде бағаны арттыру әдісін қолдана отырып, 2016 жылғы 26 тамыздағы № 41585 электрондық аукцион актісіне сәйкес болмады деп танылды (объектіні сату жөнінде аукцион залында электрондық аукцион басталған сәтте аукционға екі қатысушылардан кем тіркелді) 

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің мемлекеттік мүлік тізілімінің электрондық сауда алаңында www.gosreestr.kz өткізілген бастапқы бағасы 98 373 000 теңге және ең төменгі баға 49 186 500 бойынша «КазЭнергПровод» ЖШС-нің жарғылық капиталындағы 49,9 % мөлшердегі «Энергоинформ» АҚ-ның қатысу үлесін сату жөнінде бағаны арттыру әдісін қолдана отырып, 2016 жылғы 27 қыркүйекте № 44066 электрондық аукцион актісіне сәйкес болмады деп танылды (объектіні сату жөнінде аукцион залында электрондық аукцион басталған сәтте аукционға екі қатысушылардан кем тіркелді).

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің мемлекеттік мүлік тізілімінің электрондық сауда алаңында www.gosreestr.kz өткізілген (2016 жылғы 10 қарашадағы № 48270 хаттама) бағаны төмендету әдісін қолдана отырып, электрондық аукцион нәтижелеріне сәйкес  «КазЭнергПровод» ЖШС-нің жарғылық капиталындағы 49,9 % мөлшердегі «Энергоинформ» АҚ-ның қатысу үлесі сату бағасы бойынша - 10 839 044 теңгеге сатылды.

ТОО «ҚазЭнергоПровод» ЖШС-гі 2012 жылы Семей қаласында құрылды. 

Қызмет бағыты – А, Ас маркілі оқшауланбаған сым өндіру және сату.

Кәсіпорын қуаттығы -  жылына 8 мың тонна сым өнімі.

Орналасқан жері (мекенжайы): Қазақстан Республикасы, индексі 071400, Шығыс Қазақстан облысы, Семей қ., Рысқұлов көш., 4-Б.

Серіктестік құрылтайшылары:

- «Энергоинформ» АҚ;

- «EAST INDUSTRY COMPANY» ЖШС.

Жекешелендіру бойынша 2015 жылғы мұрағат

 

«Батыс-транзит» АҚ

«Батыс-транзит» акционерлік қоғамы ұлттық маңызы бар жобаларды мемлекеттік-жеке серіктестік негізінде жүзеге асырушы алғашқы кәсіпорындардың бірі болып табылады.

Компания өз қызметін «500 кВ Солтүстік Қазақстан-Ақтөбе облысы» өңірақаралық электр жеткізу желісін салу және оны пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы № 1217 қаулысына сәйкес жүзеге асырады. 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 7 қазандағы №1008 қаулысымен «Солтүстік Қазақстан-Ақтөбе облысы» өңіраралық электр жеткізу желісін салу жобасын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілген болатын.

Көрсетілген жоспарға сәйкес ЭМРМ, ТМРА, «KEGOC»  акционерлік қоғамына концессионер-компанияның жарғылық капиталын «KEGOC» АҚ-ның 20%-дан көп емес қатысуымен құру және құрылымдау бойынша іс-шараларды жүзеге асыру тапсырылған болатын.

Құрылтайшылардың Жалпы жиналысының 2005 жылғы 11 қарашадағы № 1 хаттамасына сәйкес «Батыс транзит» АҚ құрылып, оның жарғысы бекітілді, жарғылық қордың мөлшері анықталды. «Батыс транзит» АҚ-ның «KEGOC» АҚ мен «Мехэнергоқұрылыс» ЖШС болып табылады. Заңды тұлға ретінде 2005 жылғы 22 қарашадан бастап жұмыс істейді.

«Батыс транзит» АҚ-ның жарғылық капиталы құрылтайшылардың  акцияларға алдын-ала төлем жасауын былайша бөлу арқылы құрылды:  «Мехэнергоқұрылыс» ЖШС - 80%,«KEGOC» АҚ -20% .

«Солтүстік Қазақстан-Ақтөбе облысы» өңіраралық электр жеткізу желісін салу жобасы өте аз мерзімде сәтті аяқталды. 2008 жылғы 14 желтоқсанда «Өлке» 500 ҚС-да іске қосылып, 2009 жылғы 22 ақпанда ұзындығы 500 шақырым болатын ӘЖ пайдалануға қабылданды.

«Батыс транзит» АҚ-ның Жарғысына сәйкес, ол орындайтын негізгі қызмет түрлері:

• электр энергиясын жеткізу және тарату жөнінде қызмет көрсету;

• электр желілері мен қосалқы станцияларын пайдалану;

• қолданыстағы заңнамамен тыйым салынбаған қызметтің басқа түрлері.

Директорлар кеңесінің төрағасы - Ысқақов Асқар Кежекұлы.

Бас директор — Ибрагим Құрманғазы Бейсембайұлы 

Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 050060, Алматы қ., Шевченко көш., 162 Ж,

Байланыс телефондары:

Тел. 8 (727) 375 64 14, 375 65 14, 375 66 14,

Факс. 8 (727) 375 70 70

 

«ЭНЕРГОИНФОРМ» АҚ

«ЭНЕРГОИНФОРМ» АҚ — заңды тұлға мәртебесіне ие коммерция-лық емес ұйым. 2002 жылы маусымда Құрылтайшы («KEGOC» АҚ)қызметін, ақпараттық қамтамасыз етуге қатысты қосалқы қызметтерді жүзеге асыру мақсатында құрылды.
АҚ  өзінің мемлекеттік лицензиясына сәйкес төмендегідей қызметтерді ұсынады:

  • жергілікті телефон байланысы қызметі, байланыс арналарын жалға беру, мәліметтер беру, магистральды, аймақтық және жергілікті телекоммуникация тораптарын техникалық пайдалану қызметі;
  • сәулет, қала салу және құрылыс салаларында жұмыстар жүргізу;
  • күзет дабылы, ҚР аймағында өрттен қорғану дабылы мен өртке қарсы автоматика құралдарын құрастыру, күтіп-баптау және техникалық қызмет көрсетумен айналысу.

Мекенжайы: 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қ., Бейбітшілік даңғ., 37. тел. 970–780, факс 73-18-82.

 

Басқарма Төрағасы: Абдугалиев Ануар Молдағалиұлы.