АСКУЭ-ны құру кезеңдері

Қазақ

ОРЭ субъектісінің АСКУЭ-н қосуға арналған Техникалық шарттарды алу.

ОРЭ субъектісінің АСКУЭ-н ОРЭ ЖО-ның АСКУЭ-не қосуға Техникалық шарттар (бұдан әрі – ТШ) алу АСКУЭ-н құрудың алғашқы қадамы болып табылады, олар субъектінің «KEGOC» АҚ Өндіріс жөніндегі басқарушы директорының атына ресми өтінімі бойынша беріледі. ТШ-ны алу үшін ОРЭ субъектісінің бірсызықтық электр схемасын, сондай-ақ жобаланатын АСКУЭ-ге кіргізу жоспарланған электр энергиясын барлық сеепке алу нүктелерінің техникалық және метрологиялық деректерін тапсыру қажет.

ОРЭ субъектісінің АСКУЭ-не қосуға ТШ-ны беретін ОРЭ субъектісінің құрамына мыналар кіреді:

  • ҚР Электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері үшін электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің жұмыс істеу қағидаларына сәйкес ОРЭ ЖО айқындайтын ОРЭ субъектісінің сәйкестендіру кодтары;
  • ОРЭ субъектісінің АСКУЭ мен ОРЭ ЖО-ның АСКУЭ арасындағы байланыс арнасына талаптар;
  • тапсырылатын АСКУЭ ақпаратының хаттама құрылымы;
  • ақпарат тапсырудың уақытша реттелімі.

Қосымша: АСКУЭ-не қосуға ТШ-ны беру туралы хат үлгісі

Жүйені жобалауға арналған техникалық тапсырманы әзірлеу.

ОРЭ субъектісі қосуға ТШ-ны алған соң жобалауға арналған техникалық тапсырма әзірленуі тиіс (одан әрі – ТТ). ТТ-ны Тапсырыскер дербес не АСКУЭ-ні жобалауда тәжірибесі бар мамандандырылған ұйым әзірейді.

ТШ-ны мынадай қосымшалармен ресімдеу қажет:

  • Электр энергиясын есепке алуды өлшеу кешендерінің (КУЭ) тізімдері, олардың деректері ОРЭ ЖО-ның АСКУЭ-не тапсырылады;
  • КУЭ-нің жүйедегі сипаттамалары Электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері үшін электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің жұмыс істеу қағидалардың 5-бөліміне сәйкес;
  • ОРЭ ЖО АСКУЭ-нен тапсыру үшін субъектіге қажетті есепке алу нүктелерінің тізбесі;
  • ОРЭ субъектісінің АСКУЭ-н ОРЭ ЖО-ның АСКУЭ-не қосуға ТШ;
  • Объектінің ішінде АСКУЭ байланыс арналарын ұйымдастыру үшін және ОРЭ ЖО-мен ақпарат алмасуға арналған қолда бар телекоммуникациялық жүйелер.

Тапсырыскердің ТТ-ні бекітуі ТТ-ніі әзірлеу нәтижесі болып табылады.

Тапсырыскер «KEGOC» АҚ Жүйелік қызметтер жөніндегі басқарушы директорының атына ілеспелі хатпен бірге бекітілген ТТ-ні (үш данада) келісуге жөнелтуі тиіс.

Жобаның техникалық жүйесі мен жұмыс құжаттамасын әзірлеу.

ОРЭ ЖО-ның ТТ-н ОРЭ субъектісімен келісілген соң АСКУЭ-ні құру жөнінде Техникалық жоба (бұдан әрі – ТЖ) әзірленуі тиіс. АСКУЭ-нің ТЖ-да АСКУЭ ТТ-на қойылған барлық міндеттердің шешімдері егжей-тегжейлі сипатталуы тиіс.

АСКУЭ-нің жобалық шешімі стандарттармен қарастырылғаннан өзге мынадай бөлімдерді мазмұндауы тиіс:

  • Метрологиялық қамтамасыз ету сипаты;
  • Сенімділіктің жобалық бағалауы;
  • Электр энергиясын есепке алуды өлшеу кешендерінің кешенге кіретін өлшеу құралдарының техникалық және метрологиялық сипаттамалары көрсете отырылып тізбесі.
  • Электр энергиясын есепке алуды өлшеу кешендерінің сәйкестендіру кодтары;
  • Сыртқы жүйелермен ақпарат алмасу хаттамасы;
  • АСКУЭ-нің жұмыс істеуі және жүйелік оператормен ақпарат алмасу үшін қажетті телекоммуникациялар құралдары;

Тапсырыскердің «Техникалық жобаны» бекітуі «Техникалық жоба» құжаттарын әзірлеу нәтижесі болып табылады.

Тапсырыскер «KEGOC» АҚ Өндіріс жөніндегі басқарушы директорының атына ілеспелі хатпен бірге бекітілген «Техникалық жобаны» (үш данада) келісілуге жөнелтуі тиіс. «Техникалық жоба» келісілгеннен және құрастыру мен іске қосу-баптау жұмыстарын жүргізуге арналған шарт жасасқаннан кейін орындаушы жұмыс құжаттамасын әзірлейді.

Құрастыру мен іске қосу-баптау жұмыстарын жүргізу.

«Құрастыру мен іске қосу-баптау жұмыстарын жүргізу» кезеңінің нәтижесі ОРЭ субъектісі АСКУЭ-нің тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтарға даярлығы болып табылады.

Тиісті сынақтарды жүргізумен тәжірибелік-өнеркәсіптік пайдалануға (ТӨП) тапсыру.

АСКУЭ-нің тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтарын жүргізу АСКУЭ-ні құрудың ең маңызды кезеңдерінің бірі болып табылады. Бұл рәсім құрамбөліктердің техникалық, функционалдық және метрологиялық сипаттамалары мен тұтастай АСКУЭ-нің Электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері үшін электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің жұмыс істеу қағидаларға сәйкестігі/сәйкессіздігін анықтауға мүмкіндік береді. Тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтардың мөлдірлігі үшін комиссияға Тапсырыскердің, Жоба орындаушысының, ОРЭ жүйелік операторының, сондай-ақ Коммемэнергоқадағалаудың, Мемстандарттың және басқа да мүдделі ұйымдардың өкілдері тартылады. Комиссия АСКУЭ-ні ОРЭ ЖО-ның бекіткен және келіскен тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтар бойынша тексереді және АСКУЭ-ні тәжірибелік-өнеркәсіптік пайдалануға енгізу туралы шешім шығарады не анықталған ескертулер мен сәйкессіздіктерді жою үшін мерзім белгілейді.

Тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтар Актісінің негізінде ОРЭ субъектісі жүйенің ТӨП-ге енгізу туралы бұйрық шығарады да бұйрық көшірмесін ОРЭ ЖО-на жібереді.

АСКУЭ-ні тәжірибелік-өнеркәсіптік пайдалану үдерісінде істен шығулар анықталған кезде ОРЭ субъектісі оларды жоюға шаралар қолданады және ОРЭ ЖО-на АСКУЭ-нің тәжірибелік-өнеркәсіптік пайдалануға қайтадан іске қосылу даярлығы туралы хабарлайды.

Тәжірибелік-өнеркәсіптік пайдалануға енгізу.

Бұл рәсім Электр энергиясы мен қуатының автоматтандырылған коммерциялық есепке алу жүйесін өнеркәсіптік пайдалануға қабылдау ережелерімен реттелімденген.