ҒЗКТЖ

Қазақ

Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар (ҒЗТКЖ)  

Компанияда ҒЗТКЖ-ны жүргізу Ұзақ мерзімді стратегия мен Инновациялық - технологиялық стратегияға сай Компанияның стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған. 

ҒЗТКЖ-ны ұйымдастыру ғылыми-техникалық міндеттердің басым бағыттарын анықтаудан бастап «KEGOC» АҚ мен оның Еншілес ұйымдарының (бұдан әрі - ЕҰ) тәжірибе қызметінде әзірленімдердің нәтижелерін пайдаланудан болатын нақты тиімділікті бағалау және оны есепке алуға дейінгі әзірленімдердің бүкіл тіршілік циклын қамтитын процесс ретінде  қаралады. 

Компания мен ЕҰ-да ҒЗТКЖ-ны ұйымдастыру кезіндегі негізгі мақсаттар: 

1) Компанияның инновациялық-технологиялық дамуы үшін  ҒЗТКЖ-ны оның басымдылықтары мен өзектілігін ескере отырып құру, жоспарлау және орындау процестерін бір жүйеге келтіру мен дамыту; 

2) ғылыми-техникалық өнімдерді әзірлеуге және пайдалануға байланысты  өзара тиімді іс-қимыл жасау  процестерін қамтамасыз ету; 

3)  өндірістік және бизнес-процестердің тиімділігі мен сапасын арттыру үшін ҒЗТКЖ нәтижелерін ендіру; 

4)  мақсатты көрсеткіштерге қол жеткізу мониторингін жүргізу болып табылады.  

«KEGOC» АҚ-да ҒЗТКЖ-ны ұйымдастыру «KEGOC» АҚ Басқармасының 16.01.2015ж. хаттамасымен бекітілген «KEGOC» АҚ мен оның ЕҰ-да ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды ұйымдастыру ережесіне сәйкес жүзеге асырылады.         

«KEGOC» АҚ ҒЗТКЖ жоспары «KEGOC» АҚ бекіткен Басымдық ғылыми-техникалық міндеттер тізбесінің негізінде жасалады және  алдағы бір жылдық және/немесе екі жылдық кезеңге әзірленеді. 

 «KEGOC» АҚ-ның 2016-2020 жылдарға арналған  басымдық ғылыми-техникалық міндеттер тізбесі:  

Міндет

1

Кернеу мен жиіліктің қалыпты деңгейін қамтамасыз ету мақсатында  Қазақстан БЭЖ-де активті және реактивті қуат теңгерімін реттеу

2

Қазақстан БЭЖ бақылануы мен басқарылуын арттыру  

3

Ұлттық электр торабының ӘЖ және ҚС пайдалану, салу және қайта құру саласындағы тиімділікті арттыру  

4

Энергетикалық тиімділікті арттыру

Мүдделі ұйымдар 1 маусымға дейінгі мерзімде «KEGOC» АҚ-ға  алдағы жылға арналған ҒЗТКЖ жоспарының жобасына  әрбір тақырып бойынша  тақырыпты әзірлеу қажеттілігінің негіздемесі,  оның құны,  жұмыстардың тұжырымдамасы,  оның нәтижелерін Компанияның қызметіне 1-қосымшаға сәйкес ендіру тетігі қамтылған  өтінімді жібереді. Ұсыныстар «Ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға жататын жұмыстар тізбесіне»  сәйкес келуі тиіс.

Құжаттар топтамасы толық емес ұсыныстар қаралмайды және өтінім берушіге қайтарылмайды.  

2-қосымша – ҒЗЖ орындауға арналған техникалық тапсырма жобасының нысаны. 

3-қосымша – ОКЖ орындауға арналған техникалық тапсырма жобасының нысаны. 

4-қосымша – жұмыстардың күнтізбелік жоспарының нысаны. 

5-қосымша   ҒЗТКЖ  орындауға жұмсалатын шығыстар сметасының нысаны.