Ұтымгерлік және өнертапқыштық қызметі

Қазақ

"KEGOC" АҚ мен ЕБҰ-дағы ұтымгерлік және өнертапқыштық қызмет туралы ақпарат

    "KEGOC" АҚ мен ЕБҰ-дағы ұтымгерлік және өнертапқыштық қызметке (бұдан әрі– ҰӨҚ) "KEGOC"АҚ-да ерекше мән беріледі, соған орай аталған қызмет  "KEGOC" АҚ-ның 2025 жылға дейінгі мезгілге арналған Ұзақ мерзімді стратегиясына және Инновациялық-технологиялық стратегиясына сай Компанияның стратегиялық мақсаттарына жетуіне бағытталған. 

 Компания мен ЕБҰ-да ҰӨҚ-ны ұйымдастыру кезіндегі негізгі мақсаттар:

  - ҰӨҚ-ны жандандыру және Компания мен ЕБҰ еңбеккерлерінің жаппай техникалық творчествосын ары қарай дамыту;

  - Компания мен ЕБҰ еңбеккерлерінің өз еңбектерінің нәтижелеріне қызығушылығын техникалық творчествоны моральдық және материалдық ынталандыру жолымен арттыру.

  "KEGOC"АҚ-да ҰӨҚ 2012 және 2013 жылдары "KEGOC" АҚ мен оның еншілес және бағынысты ұйымдарындағы тиісінше әзірленген әрі жаңартылған ұтымгерлік пен өнертапқыштық қызметті ұйымдастыру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

  2013 жылғы қағидалардағы негізгі жаңа енгізілулер ұтымгерлік ұсыныстарды ынталандыру мен ендіру мәселелерін қозғады. Мысалы, төлемақылардың 2-ші санаты бойынша (ендірілуінен экономикалық тиімділік күтілетін ұтымгерлік ұсыныстар) сыйақы сомасы 1 млн. теңгеден 5 млн. теңгеге дейін ұлғайды. Осымен қатар, мүмкіндіктерді кеңейту және әлеуетті мақсаттарды іздеу мақсатында Компания еңбеккерлеріне ұтымгерлік ұсынысқа арналған өтінім беру мүмкіндігі ендірілмей және пайдалану туралы тиісті акті тапсырылмай  берілді. Бұл жаңа енгізілмен ендіру үшін  материалдық және/немесе уақытша ресурстарды ұсыну қажеттілігімен байланысты. Компания мұндай жағдайда үлгіні дербес даярлау немесе қосымша жабдықтарды сатып алу үшін қажетті материалдық ресурстарды ұсынады. ҮӨҚ-на қатысушы еңбеккерлерді ынталандыру жөніндегі басқа тетік ретінде ең белсенді ұтымгерлердің электр энергетикалық саласы бойынша мамандандандырылған конференцияларға, семинарлар мен көрмелерге қатысуы аталды.

 Компанияның ішінде ұтымгерлік идеяларды жинау, қарау және талқылау үшін тиімді алаңды құру, сондай-ақ олардың тартымдылығы мен іске асырушылығын талдау мақсатында 2014 жылы "KEGOC" АҚ-ның ішкі корпоративтік порталында "Ұтымгер" бөлімі (одан әрі – Бөлім) құрылды. Бөлімнің іске қосылуы барлық өтінімді қарау үдерісін автоматтандыруға мүмкіндік жасады, бұл өз кезегінде өтінімді бергеннен бастап ақырғы шешім қабылдағанға дейінгі уақытты айтарлықтай қысқартты. Сонымен бірге, артық қағаз жұмысы да табыспен қысқартылды.  

 2015 жылы әлеуметтік дәрежесін арттыру, сонымен қатар барлық филиалдарда, соның ішінде АЭТ-та ұтымгерлік қызметті насихаттау мақсатында ұтымгерлердің құрмет тақталары мен ұтымгерлік қызмет жөніндегі ақпараттық стенд орнатылды.        

           

Жыл сайын" KEGOC "АҚ-да" KEGOC " АҚ-да және оның ЕҰ-да өнертапқыштық және өнертапқыштық қызметті жетілдіру мәселелері бойынша кеңес өткізіледі, оған компания филиалдарының қызметкерлері қатысады.  Кеңес барысында ҰӨҚ ұйымдастыру бойынша проблемалық мәселелер, жүйені жетілдіру бойынша ұсыныстар талқыланды, сондай-ақ ЖЭТ филиалдары арасында рационализаторлық қызмет жүйесін ұйымдастыру бойынша тәжірибе алмасу жүргізіледі.             

           

Өнертапқыштық деп танылған ұсыныстардың статистикасы Компания қызметкерлері арасында рационализатолық және өнертапқыштық қызметке қызығушылықтың өсу серпінін көрсетеді:

          2018 жылға Компания тұрғысынан  өнертапқыш деп танылған ұсыныстар кестесі:     

                            

 

 

Іс-тәжірибе көрсеткендей, жыл сайынғы негізде өткізілетін «Үздік ұтымгерлік ұсыныс» конкурсы (бұдан әрі - Конкурс) еңбеккерлер арасындағы ҰӨҚ-ны уәждемелеу мен ынталандыру жөніндегі пәрменді құрал болып табылады, оның негізгі міндеті -  ең тиімді ұтымгерлік ұсыныстарды анықтау және көзге түскен ұтымгерлік ұсыныстар авторларын көтермелеу.

2018 жылғы өткізілген Конкурс нәтижелері бойынша 2017 жылы мынадай ұтымгерлік ұсыныстар үздік болып айқындалды:

 1 орын 

"220-500 кВ ӘЖ темірбетон тіректері траверсінің шетіне құстарды отырғызуды болдырмайтын құрылғы", "KEGOC" АҚ "Ақмола ЖЭТ"филиалы. Сыйақы 150 ТЕК.

 

Терентьев С.В. -

Атбасар ЖЭС 1-ші тобының шебері

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

              2 орын

 "ӘЖ-220 кВ оқшаулағыштардың тартпалы гирляндаларын ауыстыруға арналған құрылғы", "KEGOC" АҚ "Солтүстік ЖЭТ" филиалы. Сыйақы 100 ТЕК. 

 

Батулин И. В. -

Орталық ЖЭТ басшысы

Гродь Д.С. – Орталық ЖЭТ электро-газ дәнеркерлеушісі

 3 орын

   "35 кВ және одан жоғары элегаз ажыратқыштарының қалдық және коммутациялық ресурсын есептеу әдістемесі", "KEGOC" АҚ Атқарушы дирекциясының эксплуатациялау департаменті. Сыйақы 50 АЕК.

 

Керимкулов Н. Н. – қосалқы станция бөлімінің бастығы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҰӨҚ-ны ақпараттық қамтамасыз ету, тәжірибені тарату және ұтымгерлік ұсыныстарды ендіруді ұйымдастыру мақсатында Компания ұтымгерлік ұсыныстардың ақпараттық хабаршысын басып шығарады, ол Компания/ЕБҰ қызметкерелері арасына таратылады. Қажет кезінде ұтымгерлік ұсыныс авторының (тең авторларының) Компанияобъектілеріне ұтымгерлік ұсынысты тікелей ендіру үшін сапары ұйымдастырылады. Әрбір  Филиал мен ЕБҰ-да ҰӨҚ үшін жауапты еңбеккерлер тағайындалған, олардың міндеттеріне ҰӨҚ-ға жан-жақты көмек көрсету кіреді.

Компанияда ҰӨҚ-ға жан-жақты қолдау нәтижелері Компания тарихында алғашқы болып  «Тұзағын жер бетіне шығарумен бірге аралық тіректеріндегі тіктеуіш кермелерін анкерлік бекіту түйіні» атты өнертабысына инновациялық патенталуға ықпал еткенін атап өту қажет. Патент иесі "KEGOC" АҚ, авторлары "KEGOC" АҚ еңбеккерлері Сыздықов Ю.С., Леднев В.В., Гулицкий Ю.Е болыптабылады. Патент Қазақстан Республикасының 24.09.2013ж. №27514 Мемлекеттік өнертабыстар тізілімінде тіркелген.

  «ҰТЫМГЕР.KZ» конкурсы 

«Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ  Қазақстан Республикасы  Инвестициялар және даму жөніндегі министрлігінің қолдауымен жыл сайын ұтымгерлік ұсыныстардың республикалық «ҰТЫМГЕР.KZ» конкурсын (одан әрі – Конкурс) ұйымдастырады. Тұңғыш рет осындай жоба 2010 жылы жарысқа кірісті. Конкурс жыл сайын республикалық телеарналарда көрсетіледі.

 Конкурстың мақсаты: ұтымгерлік қызметті насихаттау және ынталандыру, ұтымгерлердің творчестволық міндеттерді шешуде творчестволық әлеуеті мен Қазақстанның әралуан кәсіпорындарында тиімді өндірісті ынталандыру. «ҰТЫМГЕР.KZ»конкурсы тек қана ұтымгерлерді ғана емес, ұтымгерлік ұсыныстарды ендіретін кәсіпорындарды да анықтау мен көтермелеуді жорамалдайды.

 Конкурс өзіне екі номинацияны кіргізеді: «Жылдың үздік ұтымгерлік шешімі», «Кәсіпорында ұтымгерлікті қолдаудың үздік жүйесі». Конкурстың жалпы жүлде қоры 5 (бес) миллион теңге. Конкурсқа Қазақстанның кәсіпорындарындаендірілген ұтымгерлік ұсыныстарды әзірлеушілер болып табылатын жеке тұлғалар, сондай-ақ ұтымгерлікті қолдаудың қолданылатын жүйесімен заңды тұлғалар қатыса алады.

 "KEGOC" АҚ Конкурсқа оның құрылуынан бастап 2010 жылдан бері қатысып келеді.    2010 жылы "KEGOC" АҚ-ның «Ертіс өзенінде көктемгі табиғатты қорғаулық ағындар жүргізудің тиімділігін арттыру» ұтымгерлік ұсынысы(авторлары Иванов А.О., Даутова З.Е., Шығыс ЖЭТ филиалы) ұтымгерлік ұсыныстардың республикалық «ҰТЫМГЕР.KZ» конкурсында құрметті 2-ші орынды иеленді.

Сондай-ақ 2011 жылы "KEGOC" АҚ-ның ұтымгерлік ұсынысы (авторлары Иванов А.О., Башкатов К.Б., Бурдукова Н.В., Шығыс ЖЭТ филиалы) ұтымгерлік ұсыныстардың республикалық «ҰТЫМГЕР.KZ» конкурсында құрметті 2-ші орынды иеленді. Тең авторлар тобына дипломдар мен ақшалай сыйлықтар тапсырылды. Сондай-ақ  телебейнелік сюжет түсіріліп, ол «Хабар» телеарнасында көрсетілді.

2012 жылы году республикалық «ҰТЫМГЕР.KZ» конкурсына «Кәсіпорында ұтымгерлікті қолдаудың үздік жүйесі» және «Жылдың үздік ұтымгерлік шешімі» номинациялары бойынша қатысуға 3 (үш) өтінім жіберілді. Конкурс қорытындылары бойынша "KEGOC" АҚ-ның өтінімдері финалистер ішіне кірмей қалды.

2013 жылы "KEGOC" АҚ-ның «Жалғаным сүзгіштерінде индуктивтік катушканы қалпына келтіру» ұтымгерлік ұсынысы (авторлары «Энергоинформ» АҚ Солтүстік ЖЭТ филиалының еңбеккерлері Карпенко Н.Н., Костин В.В.)республикалық «ҰТЫМГЕР.KZ» конкурсының финалисі атанды. Ұтымгерлер туралы телебейнелік сюжет түсіріліп, ол «Қазақстан» телеарнасында көрсетілді.  

                  kostin.jpg

        Карпенко Н.Н.                 Костин В.В.

    2014 жылы "KEGOC" АҚ «Кәсіпорында ұтымгерлікті қолдаудың үздік жүйесі» номинациясы бойынша конкурстың финалисі атандыжәне «Реакторды көшіру» ұтымгерлік ұсынысы (тең авторлары - Мұсатаев Е.А., Парафиев И.М., Сухоплюев Ю.В., Апиш Н.Н., Щепеткова И.К., Алматы ЖЭТ) «Жылдың үздік ұтымгерлік шешімі» номинациясы бойынша 7 финалистің ішіне кірді. Финалистер туралы фильм түсіріліп, ол «Астана» телеарнасында көрсетілді.