«500 кВ Шүлбі ГЭС (Семей) – Ақтоғай – Талдықорған – Алма ӘЖ салу» жобасы

Қазақ

Жобаның ІІ кезеңін іске асыру ҰЭТ-тың транзиттік әлеуетін Қазақстанның Солтүстік-Оңтүстік бағытында арттыруға, темір жолдың электрлендірілетін  учаскелеріндегі, тау-кен өндірісінің энергия ауқымды объектілерінің электр энергиясы қажеттілігін қамтуды қамтамасыз етуге, шекара маңындағы аймақтарды дамыту және жаңартылатын энергияның әлеуетін ауқымды игеру үшін жағдай жасауға, сонымен қатар Шығыс аймағының Қазақстанның бірыңғай электр жүйесімен байланысын күшейтуге мүмкіндік береді.

Жобаны іске асыру мерзімі: 2012-2018 жж.

Жобаның құныҚҚС-ны есепке алғанда96,4 млрд. теңге.

Жобаны қаржыландыру меншік қаражат және«KEGOC» АҚ купондық облигацияларын сату арқылы БЖЗҚ алынған қаражат есебінен жүзеге асырылады. 2017 жылғы 11 қыркүйектегі жай-күйі бойынша купондық облигацияларды толықтай орналастыру жүргізілді, 83,8 млрд. теңге сомасындағы ақшалай қаражат тартылған.

Жұмыс орындарының саны: құрылыс кезеңіне 1114 адам, пайдалану кезеңіне 65 адам.

Іске асырылатын орны: Алматы және Шығыс Қазақстан облыстары

Жобаның сипаттамасы

- 500 кВ Семей ‑ Ақтоғай ӘЖ салу (ұзындығы 393,54 км);

- 500 кВ Ақтоғай – Талдықорған ӘЖ салу (287,41 км);

- 500 кВ Талдықорган ‑ Алма ӘЖ салу (203,78 км);

- 500 кВ Талдықорған ҚС-да 220 кВ ӘЖ (жалпы ұзындығы 183,9 км) ену-шығуын салу;

- 500 кВ Ақтоғай ҚС салу;

- 500 кВ Талдықорған ҚС салу;

- 500 кВ Алма ҚС кеңейту;

- 500 кВ Семей ҚС кеңейту.

Жобаны іске асыру:

         Жоба бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталды. Объекті 2018 жылғы 11 желтоқсанда Мемлекет басшысының қатысуымен өткен Индустрияландыру күніне арналған жалпыхалықтық телекөпір шеңберінде жұмысқа қосылды.  Жалпы ұзындығы 883 км 500 кВ Шүлбі ГЭС (Семей) – Ақтоғай – Талдықорған –Алма – электр жеткізу желісі және жалпы ұзындығы 183,9 км 500 кВ «Талдықорған» ҚС-да 220 кВ ӘЖ кіру-шығу салынды. Жаңа 500 кВ «Ақтоғай» және «Талдықорған» ҚС салынды, 500 кВ «Алма» және «Семей» ҚС кеңейтілді.

                   Жобаны іске асыру басталғалы ҚҚС-ны есепке алғанда 91 351,131 млн.теңге сомасына күрделі қаржы салымдары игерілді, соның ішінде ҚҚС-ны есепке алғанда және қарыздық қаржылар бойынша капиталдандырылатын сыйақыларсыз 2018 жылы 14 554,062 млн.теңге.