Ұлттық электр торабын жаңғырту, ІІ кезең

Қазақ

«Қазақстан ҰЭТ-ын жаңғырту, II кезең»жобасын іске асырудыңмақсаты болып электр энергиясы нарығы қызметінің тиімділігін арттыру,Қазақстан экономикасының ұзақ мерзімді тұрақты дамуын ұзақ перспективаға қамтамасыз ету, электр жабдығының нарық жағдайындағы тұрақты тиімді жұмысын қамтамасыз ету, тұтынушыларды электрмен жабдықтаудың сенімділігі мен сапасын арттыру, жоғары вольтты жабдықтың техникалық және экологиялық қауіпсіздігін арттыру, жабдыққа қызмет көрсету және жөндеуге пайдалану шығыстарын азайту, техникалық деңгейді арттыру және Қазақстан ҰЭТ-ы жұмысының сенімділігін қамтамасыз ету.

Жобаны іске асыру мерзімі: 2010-2019 жж.

Жобаның құны: ҚҚС-ны есепке алғанда49,7 млрд. теңге.

Жобаның сипаттамасы:

1-кезек

-         55 қосалқы станцияда жоғары вольтты жабдықты ауыстыру;

-         220 кВ 1 шунттаушы реакторды орнату;

-         автотрансформаторларды орнату және ауыстыру: 500 кВ - 12 фазалық, 220 кВ - 11 жиынтық;

-         релелік қорғау құралдарын жаңғырту және ауыстыру.

2-кезек

-         220 кВ Түлкібас ‑ Бурное (т) ӘЖ салу (ұзындығы61,3 км).

Жобаның қазіргі уақыттағы жағдайы:

1-кезек

1-кезең бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары 2014 жылы толықтай аяқталды. Мемлекеттік қабылдау комиссиясының (МҚК) актілерімен 55 ҚС ішінен 55 ҚС пайдалануға  енгізілген.

2-кезек

Жобаны іске асырудың II кезеңі бойынша 220 кВ Түлкібас – Бурное (т) ӘЖ салу үшін құрылыс-монтаждау жұмыстарына 09.02.2018 ж. № 01-25-Д-92 шарт жасалды. Қазіргі уақытта материалдар мен жабдықтарды жеткізу орындалған және құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде, іргетастар 262 пикеттің 164-інде орнатылған, 262 тіреудің 182-сі орнатылған, 61,3 км сымның 33,119 км монтаждалуы орындалған.