«Қазақстанның Ұлттық электр торабын жаңғырту» жобасы

Қазақ

Жобаның мақсаты:

Қосалқы станцияларды, диспетчерлік және бақылау жүйелерін жаңғырту арқылы жабдықтаудың сенімділігі мен сапасын жақсарту; электр энергиясының көтерме сауда  нарығының орнықты жұмыс істеуі үшін  жағдайларды жасау арқылы бәсекелестікті  дамыту және  жеткізілетін желілерге  кіруді жақсарту; пайдалану шығындарын азайту; «KEGOC» АҚ-ның көрсететін қызметтер көлемін кеңейту.

Жобаны қаржыландыру Халықаралық Қайта құру және даму банкінің, Еуропа Қайта құру және даму банкінің кредиттік желілерінің және  “KEGOC” АҚ-ның  жеке қаражаттары есебінен жүзеге асырылды.

 Жобаны іске асыру мерзімі2000-2009 жылдар.

 Жобаның негізгі құрамдас бөліктері:

1. Жоғары вольтты жабдықты жаңғырту.

Жоғары вольтты жабдықты жаңғырту 43 қосалқы станцияда  жүзеге асырылды.

2002-2005 жылдар аралығында  кернеуі 110-220-500 кВ 5213 бірлік жоғары вольтты  жабдық жоба алаңдарына, төмендегілерді қоса алғанда,  жеткізілді:

  •             Siemens AG және AREVA компаниялары шығарған  110, 220, 500 кВ жоғары вольтты ажыратқыштар;
  •            AREVA компаниясы шығарған 110, 220, 500 кВ айырғыштар мен  тірек оқшаулағыштары;
  •            АВВ және AREVA компаниялары шығарған кернеуі  110, 220, 500 кВ  трансформаторлар;
  •             AREVA  компаниясы шығарған 110, 220, 500 кВ ок трансформаторлары;
  •             Siemens AG компания шығарған 110, 220, 500 кВ асқын кернеу шектегіштері.

 «KEGOC» АҚ-ның қосалқы станцияларында  жоғары вольтты  жабдықтарды жаңғырту  2006 жылдың  үшінші тоқсанында  аяқталған болатын.

2. Релелік қорғау және қосалқы станциялардың құрылғыларын ауыстыру.

Қосалқы станцияларды автоматтандыру  автоматтандырудың  екі деңгейінің  әрқайсысында: сандық қорғау және  жалғанымдарды басқаруға, қосалқы станцияларды басқаруға  арнап  дербес жұмыс істейтін  біртұтас жүйеге  біріктіруге шоғырландырылады.

67 қосалқы станцияда РҚА құралдары жаңғыртылды. Siemens AG  компаниясы жабдықтарды жеткізді, РҚжәнеАҚ шкафтарын, мониторингі және қосалқы станцияларды басқару жүйелерін орнатты,  келісім-шартты іске асырудың бекітілген кестесі шеңберінде  РҚА құрылғыларын  пайдалануды уақытында енгізді.

3. Электр торабын басқару жүйесін (SCADA/EMS) жеткізу мен орнатуды қоса алғанда, диспетчерлік бақылауды жаңғырту.

Осы құрамдас бөлікті іске асырудағы мақсат  халықаралық өнеркәсіптік стандарттарға жауап беретін  осы заманғы  бағдарламалық-техникалық  құралдармен жарақтандырылған  Қазақстан Республикасы  Ұлттық торбын  жедел басқарудың  автоматтандырылған біртұтас жүйесін құру.

Siemens AG Osterreich компаниясымен  ЖО ҰДО және  9 өңірлік диспетчерлік  орталықтар үшін SCADA/EMS жүйесін жеткізу мен  орнатуға арнап  келісім-шарт жасалды. Жүйе 2005 жылы жеткізілді және орнатылды.  2006 жылдың бірінші тоқсанында  жүйенің функционалдық сынағы мен  соңғы тестілеу жұмыстары жүргізілді.

4. Телекоммуникацияны енгізу.

Телекоммуникациялық желіні құру диспетчерлік және  технологиялық телефондық байланысты; телеөлшемдер деректерін, телесигналдарды, нақты уақыттың жедел-ақпараттық  жүйесіне команданы  беруді,  электр энергиясын коммерциялық есепке алу автоматтандырылған жүйесінің  деректерін беруді,  компаниялардың өндірістік-шаруашылық қызметін ақпараттық басқару жүйесінің деректерін беруді,  қосалқы станциялар арасында  релелік қорғау және аварияға қарсы  автоматика  жүйесіне арналған  сигналдарды беруді,  электр энергиясы нарығының субъектілерімен  деректерді беруді және  өзара ақпарат алмасуды, Интернетке кіруді қамтамасыз етті.

Телекоммуникация жабдықтары 2003-2005 жылдар аралығында  мына көлемде  жеткізілді және орнатылды:

  •      62 автоматты телефон станциясы,
  •      87 кепілдікпен электрмен қоректендіру жүйесі,
  •      63 спутниктік байланыс жүйесінің жер станциясы,
  •      124 радиорелелік байланыс жүйесі.

Сондай-ақ байланыстың жоғары жиілікті 125 арнасы жеткізілді. .

5. Электр энергиясын коммерциялық есепке алудың атоматтандырылған жүйесін (ЭКЕАЖ) құру.

ЭКЕАЖ электр энергиясының ағындары  туралы  ақпаратты жинау мен  өңдеуді, берілген уақыт кезеңінде  өлшемдерді есептеу мен сақтауды,  сондай-ақ  ақпаратты бейнелеуді  қамтамасыз ететін  бағдарламалық-техникалық кешенді білдіреді.

ЭКЕАЖ жүйесін ELIOP Ltd компаниясы жеткізді. Электр энергиясын коммерциялық есепке алудың атоматтандырылған жүйесін енгізу шеңберінде   2001 жылы «АВВ Метроника» компаниясы 1599 санауышты  жеткізді.

Электр энергиясын коммерциялық есепке алудың атоматтандырылған жүйесін  жабдықтарын жеткізу мен  құрастыру 2004 жылдың  төртінші тоқсанында  аяқталды. 2005 жылдың наурызы мен сәурі айларында ЭКЕАЖ-ға кешенді сынақтар өткізілді және пайдалануға енгізілді.

6. Электр энергиясы сауда-саттығының  жүйесін құру.

Электр бақылау жүйесі нарығында  көш басшы болып табылатын Siemens AG Osterreich компаниясы  Қазақстанның  Спот нарығында  сауда-саттық жүйесін  жеткізді және  орнатты. Жеткізілген  жүйенің артықшылығына  жүйені одан әрі қарай дамыту қабілетілігі,  баптауға икемділігі,  жеңілдігі мен  пайдалануға сенімділігі  жатады.

Сауда-саттық жүйесі жеткізілді және 2003-2004 жылдар аралығындағы кезеңде орнатылды, пайдалануға 2004 жылы қабылданды. 

7.  Консультациялық көмек.

2000-2006 жылдар аралығындағы кезеңде  сатып алу,  жобаларды басқару,  электр желілік кодексті әзірлеу және  спот нарығының ережесі бойынша  халықаралық консультанттардың  қызметі көрсетілген болатын. Жобаның құрамдас бөліктері бойынша  тендерлік  құжаттамаларды  дайындауға халықаралық консалтингтік компаниялар (SaskPower, KEMA Consulting, Nord Pool Consulting, ESBI, SwedPower/MVV) қатысты,  олар «KEGOC» АҚ консультациялық қызмет алуға шарт жасасты.

ЕҚДБ мен ХҚДБ – қаржыландырушы институттардың  ережелері мен  рәсімдеріне сай ашық халықаралық  тендерлер негізінде  сатып алудың барлық рәсімдері  жүргізілді. Жобаның құрамдас бөліктерінің күрделігіне байланысты  әлеуетті тендерге қатысушылардың  алдын ала біліктілігімен  бірге  бір кезеңді және екі кезеңді тендер жоспарланды. Осының арқасында жабдықтарды,  ақпараттық технологиялар мен қызметтерді  жеткізуге арнап  компания үшін  техникалық жағынан, сол сияқты  қаржы жағынан  барынша пайдалы талаптармен  келісім-шарт жасалды.

Жаңғырту жобасының шеңберінде «KEGOC» АҚ  мамандары  оқытылды. Жаңа жабдықты пайдалану мен  ақпараттық жүйелер бойынша  жабдықтыарды жасау зауыттрада және жеткізуші алаңдарында «KEGOC» АҚ 827 маманы  оқыту курстарында  біліктерін арттырды. Компанияның 107  өкілі  жабдықтарды жеткізу кезеңінде  Жоба алаңында  сынақтарға қатысты.