«Кернеуі 500, 220 кВ желілері Қазақстанның ҰЭТ-на қосылатын 500 кВ Алма ҚС-ны салу» жобасы (2014 ж. аяқталды)

Қазақ

 

«Кернеуі 500, 220 кВ желілері Қазақстан ҰЭТ-на жалғанатын 500/220 кВ Алма ҚС-ны салу» жобасын іске асырудың мақсаты Алматы өңірін электрмен жабдықтау сенімділігін қамтамасыз ету, Балқаш ЖЭС бірінші кезегінің қуатын (1320 МВт) беру, Алматы қаласының серіктес қалаларын салу үшін техникалық мүмкіндік жасау, Алматы индустриалды паркін салу, Шығыс транзитін қосуды қамтамасыз ету болып табылады.    

Жобаны іске асыру мерзімі:2009-2014жж.

Жобаның ТЭН бойынша сметалық құны: 29 967,598 млн. теңге (ХҚДБ қарыз қаражаты - $ 71,3 млн).

Жобаның сипаттамалары:

I кезең

-   500/220/10 кВ Алма ҚС-ны салу;

-   500/220/10 кВ Алматы ҚС 500кВ АТҚ кеңейту және қайта құру;

-   500/220/35/6 кВ ОҚМАЭС ҚС 500кВ АТҚ кеңейту және қайта құру;

- 500 кВ Алматы – Алма ӘЖ-ні салу (ұзындығы 63,4 км); 

-   500 кВ Алма ҚС-дағы  жалпы ұзындығы 20, 1 км 220 кВ АЖЭО-3 – Шелек кірмелерін салу;

-   500 кВ Алма ҚС-дағы 220 кВ ЖЭО -3 – Робот ҚС ӘЖ кірмелерін салу, жалпы ұзындығы 5,9 км;

II кезең   

- ұзындығы 321,7 км 500 кВ «500 кВ ОҚМАЭС – 500 кВ Алма ҚС» ӘЖ-ні салу. 

Жобаның ағымдағы жағдайы: 

I кезең

Мемлекеттік қабылдау комиссиясының актілерімен мынадай объектілер пайдалануға берілді:

-   500/220/10 кВ Алма  ҚС-ны салу – МҚК-нің 11.07.2013ж. актісі; 

-   500/220/10 кВ Алматы ҚС 500кВ АТҚ кеңейту және қайта құру – МҚК-нің 05.09.2014ж. актісі;

-   500 кВ ОҚМАЭС ҚС-ны кеңейту – МҚК-нің 12.12.2013ж. актісі;

-   ұзындығы 63,4 км 500 кВ «500 кВ Алматы ҚС - 500 кВ Алма ҚС» - МҚК 26.04.2013ж. актісі;

-   500 кВ Алма ҚС-дағы ұзындығы 25,942 км 220 кВ «АЖЭО-3 – Робот» және  «АЖЭО-3 – Шелек» ӘЖ-нің кірмелері-шығыстары – МҚК-нің 26.04.2013ж. актісі.

II кезең   

-   500 кВ ОҚМАЭС ҚС - 500 кВ Алма ҚС-ның 500 кВ-тық ӘЖ-н салу – МҚК-нің 27.02.2014ж. актісі.