«Мойнақ ГЭС қуатын беру» жобасы

Қазақ

«Мойнақ ГЭС қуатын беру» жобасы (2012 жылы аяқталды )

«Мойнақ ГЭС-нің қуатын беру» жобасын іске асыру мақсаты Алматы облысы мен Алматы қаласының тұтынушыларын энергиямен жабдықтау сенімділігін қамтамасыз ету, электр энергиясы тапшылығын азайту және аса жоғарғы жүктемелерді жабу үшін Мойнақ ГЭС-нен 300 МВт көлемінде қуат беруді қамтамасыз ету болып табылады.    

Жобаны іске асыру мерзімі: 2010-2012жж.

Жобаның ТЭН бойынша сметалық құны9,8 млрд. теңге (ХҚДБ қарыз қаражаты - $44,7 млн.)

 

 

Жобаның сипаттамалары: 

I кезең

- 220 кВ Мойнақ ГЭС АТҚ салу;

- 220 кВ ПС 220/110/10 кВ Робот ҚС 220кВ АТҚ кеңейту;     

- 220/110/10 кВ Шелек ҚС 220кВ АТҚ кеңейту.

II кезең      

- 220кВ Мойнақ ГЭС –220 кВ Шелек ҚС электр жеткізу желісін (ұзындығы 97,73 км) салу;

- 220 кВ Мойнақ ГЭС – 220 кВ Робот ҚС электр жеткізу желісін салу (ұзындығы 227,78 км);

- МГЭС-МГЭС АТҚ екі электр жеткізу желісін салу (1-ші тізбек - 0,484 км, 2-ші тізбек – 0,553 км).

Жобаның ағымдағы жағдайы:  

Барлық объектілер пайдалануға берілген.