«Павлодар энергия торабының Қазақстан БЭЖ-мен байланысын күшейту» жобасы

Қазақ

Павлодар энергия торабының энергия жүйесі жұмысының сенімділігін энергия торабының Қазақстан БЭЖ-мен электр байланысын 220 кВ кернеуде орнату жолымен арттыру жобаны іске асырудың мақсаты болыптабылады.

Жобаны іске асыру мерзімі: 2011-2018 жж.

Жобаның құны8,8 млрд. теңге (меншік қаражат).

Іске асырылатын орны: Павлодар облысы.

Жұмыс орнындарының саны: құрылыс кезеңіне 124 адам, пайдалану кезеңіне 2 адам.

Жобаның сипаттамасы:

-         110 кВ Павлодар ҚС-да 220 кВ АТҚ орнату;

-         220 кВ ЕЭК – Промышленная ӘЖ салу (ұзындығы57,26 км);

-         110 кВ ЕЭК – Павлодар ӘЖ-ні 220 кВ кернеуге ауыстыру (20,905 км);

-          «ЕЭК» АҚ ЭЖ-де 220 кВ АТҚ қайта құру және кеңейту;

-         Найзағайдан қорғайтын арқансымды 500 кВ ЭГРЭС-1 – ЭС АО «ЕЭК» ӘЖ (121,8 км) (ОКГТ) найзағайдан қорғайтын арқансымға кіріктірілген талшықтық-оптикалық байланыс желісіне ауыстыру.

Жобаның қазіргі уақыттағы жағдайы:

        Қазіргі уақытта «110 кВ Павлодар ҚС-да 220 кВ АТҚ салу» объектісі бойынша екі айырғыштан басқа, күштік және коммутациялық жабдықтың монтажы орындалды, жаңа ТҚ ғимаратында РҚА шкафтарын орнату орындалды. Бүгінгі кезде кабельді салу және ажырату бойынша жұмыстар жүргізілуде.

-          «220 кВ ЕЭК – Промышленная»ӘЖ салу» объектісі бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде.  Қазіргі уақытта 195 пикеттің 194-інде іргетастар, 195 тіреудің 192-сі орнатылды және 57,1 км сымның 53,1 км, 57,1 км КАОК-тың 48 км құрастырылды.

           «110 кВ Павлодар ЕЭК ӘЖ-ні 220 кВ кернеуге ауыстыру» объектісі бойынша 5 пикеттің 5-еуінде іргетастар мен тіреулер орнатылды, 22,06 км КАОК-тың 20,5 км құрастырылды, АТҚ-ға екі шеттен кіру ғана қалды.

            «ЕЭК АҚ ЭС-те  220 кВ АТҚ-ны қайта құру және кеңейту» объектісі бойынша жабдық 100% орнатылды, кабельдік өнімді ажырату бойынша жұмыстар жүргізілуде.

        Найзағайдан қорғайтын арқансымды найзағайдан қорғайтын арқансымға (КАОК) кіріктірілген 500 кВ«ЕМАЭС-1- «ЕЭК» АҚ ЭС» ӘЖ  байланыстың талшықтық-оптикалық желісіне ауыстыру, құрылыс-монтаждау жұмыстары аталған объектіде толық көлемде аяқталды.

        Жобаны іске асыру басталғаннан бері  ҚҚС-ны есепке алғанда 5 079,639 млн.теңге сомасына күрделі қаржы салымдары игерілді.