«Солтүстік-Оңтүстік транзитінің 500 кв екінші электр жеткізу желісі» жобасы

Қазақ

Жобаның мақсаты:

Солтүстік-Оңтүстік бағытында электр энергиясын  жеткізудегі өткізу қабілетін жылына 7-7,5 млрд.кВт.с дейін  ұлғайту есебінен  Қазақстанның электр энергиясынан тапшылық көріп отырған облыстарын қамтамасыз ету,  Қазақстанның ұлттық электр  торбының, Ресейдің, Қазақстан мен Орталық Азияның энергия бірлестіктерінің  сенімді жұмысын арттыру және қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету.

Жобаның ТЭН бойынша сметалық құны: 41,399 млрд. теңге, (ХҚДБ, ЕҚДБ және ҚДБ қарыз қаражаттары - $259,88 млн.және 6970,13 млн. теңге).

Жобалық көрсеткіштер: транзиттің бағдары: 1150 кВ Екібастұз ҚС – 500 кВ Ағадыр ҚС – 500 кВ ОҚМАЭС ҚС - 500 кВ Шу ҚС. Қазақстанның Солтүстік-Оңтүстік  транзитінің 500 кВ ӘЖ жалпы ұзындығы – 1096.94 км.

Жобаны іске асыру мерзімі: 2004-2010 жылдар.

Транзиттің 500 кВ ӘЖ үш кезеңнен тұрады:

I-кезең. 500 кВ ӘЖ “500 кВ ОҚМАЭС ҚС – 500 кВ Шу” ҚС, 500 кВ ӘЖ (№514) 500 кВ Шу ҚС-да “Алматы – Фрунзе” ӘЖ кірмелерімен. 500 кВ Шу ҚС салу. 500 кВ ОҚМАЭС КС-ны кеңейту (учаскенің ұзындығы – 248.11 км).

II-кезең. 500 кВ ӘЖ “1150 кВ Екібастұз ҚС – 500 кВ Ағадыр” ҚС. 1150 кВ Екібастқ ҚС мен  500 кВ Ағадыр ҚС-ны кеңейту (Учаскенің ұзындығы – 462.6 км). 

III-кезең. 500 кВ  ӘЖ “500 кВ Ағадыр ҚС –  500 кВ ОҚМАЭС ҚС-да басқарылатын реакторларды орнату (Учаскенің ұзындығы – 386.23 км).

Жобаның негізгі құрамдас бөліктері: 

 байланыстың оптикалық-талшықты желісінің  найзағайарқансымына кіріктірумен бірге (БОТЖ) 500кВ ӘЖ-ні салу.

 Қолданыстағы 500кВ ҚС кеңейту және  500кВ жаңаларын салу (АТҚ 500кВ). 

 Релелік қорғау және  автоматика және апатқа қарсы авария  (РҚА және АҚ) құрылғыларымен  қажетті көлемімен қамтамасыз ету. 

 Диспетчерлік және технологиялық  басқару құралдарымен қамтамасыз ету.

 Байланыстың телекоммуникациялық құралдарымен қамтамасыз ету.

 Консультанттың техникалық көмегі.

Жобаны іске асыру мәртебесі:

I-кезең

500 кВ ӘЖ “500 кВ ОҚМАЭС ҚС – 500 кВ Шу” ҚС,  500 кВ ӘЖ (№514) 500 кВ Шу  ҚС“Алматы – Фрунзе” кірмелерімен,  жобалау, салу және пайдалануға енгізу.

Мердігер - KEC International Limited (Үндістан). 2006ж.17.07 №17-К-598 келісім-шарт.

Консультациялыққызметтер - MVV Consulting/DECON, 2005ж.04.02  №17-K-68 келісім-шарт.

500 кВӘЖжалпыұзындығы – 248,11 км

2008 жылғы  22 қазанда 500 кВШуҚС-да (Жамбылоблысы) 500 кВ «ОҚМАЭС – Шу»ӘЖ учаскесін салтанатты қосу рәсімі болып өттіЖобаны іске асырудың бірінші кезеңінің шеңберінде 500кВ Шу ҚС салынды.

Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2008 жылғы 3 желтоқсандағы №298бұйрығыменсалынған 500 кВ «ОҚМАЭС-Шу»ӘЖ учаскесін пайдалануға қабылдау туралымемлекеттік қабылдау комиссиясының актісі бекітілді.

II-кезең

500 кВ ӘЖ “1150 кВ Екібастұз ҚС – 500 кВ Ағадыр ҚС” жобалаусалу және пайдалануға енгізу

Мердігер - KEC International Limited (Үндістан).  2007ж.01.06 №17-К-513 келісім-шарт.

Консультациялық қызметтер - RSW International Inc. and Khatib & Alami offshore S.A.I., 2007ж. 03.05 № 17-К-453 келісім-шарт.

500 кВӘЖжалпыұзындығы – 462,6 км.

500 кВ Екібастұз-Ағадыр ӘЖ-ні салтанатты түрде пайдалануға енгізу 2009 жылы 17қыркүйекте Қазақстанның Президенті Н.Назарбаевтың қатысуыменөткізілді.

Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2009 жылғы 4 желтоқсандағы №327бұйрығыменсалынған 500 кВ «Екібастұз-Ағадыр»ӘЖучаскесінпайдалануғақабылдаутуралымемлекеттікқабылдаукомиссиясыныңактісібекітілді.

III-кезең

500 кВ ӘЖ “500 кВ Ағадыр ҚС – 500 кВ ОҚМАЭСҚС” жобалаусалу және пайдалануға енгізу

Мердігер- DALEKOVOD JSC (Хорватия). 2007ж.13.02 №17-К-176 келісім-шарт.

Консультациялық қызметтер - MVV Consulting, 2007ж.26.03 № 17-K-347 келісім-шарт

500 кВ ӘЖ жалпы ұзындығы – 386,23 км

2009 жылғы 27 мамырда 500 кВ Ағадыр – ОҚМАЭСӘЖучаскесін пайдалануға енгізу ҚРПремьер-Министр К.Мәсімовтың қатысуымен өткіліді.

Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2009 жылғы 10 қыркүйектегі №243бұйрығыменсалынған 500 кВ «Ағадыр - ОҚМАЭС»ӘЖ учаскесін пайдалануға қабылдау туралымемлекеттік қабылдау комиссиясының актісі бекітілді.