Ақмола ЖЭТ филиалы

Қазақ

«КЕGОС» АҚ-ның «Ақмола жүйеаралық электр тораптары»  филиалы 1997 жылдың қыркүйегінде құрылған.

Филиалдың директоры — Алшынбеков Жанабай Жұмаділұлы.

Филиалдың қызметінің негізгі мақсаты мыналар болып табылады:

  • ЖО ҰДО тапсырып белгіленген көлемдер мен түзімдерде қосалқы станциялар және электр станциялар шиналарынан қуат пен электр энергиясының электр тораптары бойынша жеткізілуін жүзеге асыру;
  • Сенімділік және үнемділік тұрғысынан электр тораптарының оңтайлы тораптарын қалыптастыру.

«Ақмола ЖЭТ» (Астана) Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында орналасқан. Филиал тораптары Қазақстан БЭЖ-ніңқұрамдас бөлігі болып табылады және жүйеаралық ЭЖЖ арқылы «Сарыбай ЖЭТ», «Солтүстік ЖЭТ» пен «Орталық ЖЭТ»филиалдарының тораптарымен, мемлекетаралық ЭЖЖ арқылы Ресей Федерациясының жапсарлас энергожүйелерімен байланысқан. Филиалдың электр тораптары бойынша электр энергиясының өткіні «Сарыбай ЖЭТ» және «Орталық ЖЭТ»филиалдарына жүзеге асырылады.

Энергия көздері: Павлодар облысының ұлттық мәндегі электр станциялары, аймақтық мәндегі электр станциялары (Ақмола ЖЭО-2, Петропавл ЖЭО-2) және жергілікті мәндегі электр станциялары (Ақмола ЖЭО-1, Ақмола тау-кен-химиялық комбинатының ЖЭО («Джет-7» ЖШС), Сергеев ГЭС).

Филиалдың мүліктік кешеніне жалпы ұзындығы 4230,086 км (тізбек бойынша) 10-1150 кВ габариттерде әуе электр жеткізу желілері, сонымен қатар жалпы қуаты 8136,6 МВА кернеуі 220-1150 кВ 10 қосалқы станциялары кіреді.

Жұмыскерлерінің саны 635 адам.

Байланыс телефон:+7 (7172) 69-33-55

010000, Астана қ., Солтүстік тас жолы, ОБТҚС-500кВ аумағы.