Орталық ЖЭТ филиалы

Қазақ

«КЕGОС» АҚ-ның «Орталық жүйеаралық электр тораптары» Филиалы 1997 жылдың қыркүйегінде құрылған.

Филиалдың директоры Бейсенов Арман Қыдырбайұлы.

Филиалдың негізгі мақсаты мыналар болып табылады:

  • ЖО ҰДО тапсырып белгіленген көлемдер мен түзімдерде қосалқы станциялар және электр станциялар шиналарынан қуат пен электр энергиясының электр тораптары бойынша жеткізілуін жүзеге асыру;
  • Сенімділік және үнемділік тұрғысынан электр тораптарының оңтайлы тораптарын түзілдіру.

«Орталық ЖЭТ» (Қарағанды) Қарағанды облысында орналасқан. Филиал тораптары Қазақстан БЭЖ-нің құрамдас бөлігі болып табылады және жүйеаралық ЭЖЖ арқылы «Ақмола ЖЭТ», «Солтүстік ЖЭТ», «Шығыс ЖЭТ», «Алматы ЖЭТ» пен «Шымкент ЖЭТ»филиалдарының электр тораптарымен байланысқан.

Энергия көздері: Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарының ұлттық мәндегі электр станциялары (Қарағанды МАЭС-2), аймақтық мәндегі электр станциялары (Қарағанды МАЭС-1 және ЖЭО-3, Жезқазған мен Балқаш ЖЭО), жергілікті мәндегі электр станциялары (Қарағанды ЖЭО-1, Қарағанды ЖЭО-2, «Испат-Кармет» АТАҚ ЖЭО, Тентек ЖЭО).

Филиалдың мүліктік кешеніне жалпы ұзындығы 3482,19 км (тізбек бойынша) 10-500 кВ габариттерде әуе электр жеткізу желілері, сонымен қатар жалпы қуаты 3741,6 МВА кернеуі 220-500 кВ 10 қосалқы станциялары кіреді.

Жұмыскерлер саны 490 адам

Байланыс телефон: +7 (7212) 421-365, +7 (7212) 421-370,  

100014, Қарағанды қ., Камская көш., 4.