Солтүстік ЖЭТ филиалы

Қазақ

«КЕGОС» АҚ-ның «Солтүстік жүйеаралық электр тораптары» филиалы 1997 жылдың қыркүйек айында құрылды.

Филиал директоры — Оражанов Қайрат Манапұлы.

Филиал қызметінің басты мақсаттары мыналар болып табылады:

  • қуат пен электр энергиясын ЖО ҰДО белгілейтін режимдер мен көлемде қосалқы станциялар мен электр станцияларыныңшиналарынан электр желілері бойынша беруді жүзеге асыру;
  • сенімділік және үнемділік жағынан электр желілерінің ең тиімді тәсімін түзілдіру.

«Солтүстік ЖЭТ» филиалы (Екібастұз) Павлодар облысында орналасқан. Филиалдың желілері Қазақстанның БЭЖ-нің бір бөлігі болып, жүйеаралық ЭБЖ арқылы «Шығыс ЖЭТ», «Ақмола ЖЭТ» және «Орталық ЖЭТ» филиалдарының электр желілерімен, ал мемлекетаралық ЭБЖ арқылы Ресей Федерациясының іргелес энергия жүйелерімен байланысады.

Филиалдың электр желілері арқылы Қазақстанның БЭЖ-не қуат беру жүзеге асырылады.

Энергия көздері:

1) ұлттық маңызы бар электр станциялары, оның ішінде:

«Еуразия Энергетикалық Корпорациясы», Ақсу МАЭС-і;

«АES-Екібастұз» станциясы (бұрынғы Екібастұз МАЭС-1);

«МАЭС-2» Екібастұз станциясы» АҚ;

2) аймақтық маңызы бар электр станциялары, оның ішінде:

«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ, Павлодар ЖЭО-3;

3) жергілікті маңызы бар электр станциялары, оның ішінде:

«Қазақстан Алюминийі» АҚ, Павлодар ЖЭО-1;

«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ, Павлодар ЖЭО-2;

«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ, Екібастұз ЖЭО.

Филиалдың мүліктік кешеніне жалпы ұзындығы 3379,08 км (тізбек бойынша) 0,4-1150 кВ габариттерде әуе электр жеткізу желілері, сонымен қатар жалпы қуаты 3520,6 МВА кернеуі 110-1150 кВ 8 қосалқы станциялары кіреді.

Персоналдың саны 396 адам.

Мекен-жайы:

141208, Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, Мұхтар Әуезов көшесі, 126-үй,

тел. факс: +7 (7187) 331-974, +7 (7187)348-659