«КЕGОС» АҚ «Жүйелік оператордың Ұлттық диспетчерлік орталығы» филиалы

Қазақ

Қазақ КСР Кеӊес Министрлігінің 1969 жылғы 15 сәуірдегі №224 қаулысының негізінде Қазақстан энергия жүйелерінің бірлескен диспетчерлік басқармасы (Қазақстан БДБ) ұйымдастырылып, кейін мына өзгерістерге ұшырады: 

- «Қазақстанэнерго» ҰЭЖ» РМК-ның 01.09.1997ж. №99 бұйрығының негізінде Қазақстан БДБ «KEGOC» АТАҚ-ның Қазақстан Біртұтас энергетикалық жүйесінің Орталық диспетчерлік орталығы (Қазақстан БЭЖ-дің ОДО) филиалына өзгертілді;

- «KEGOC» ААҚ-ның 19.05.2000ж. бұйрығының негізінде Қазақстан БЭЖ-дің ОДО филиалы «KEGOC» ААҚ Орталықтандырылған диспетчерлік басқармасының департаментіне өзгертілді;

- «KEGOC» ААҚ-ның 01.03.2001ж. №83 бұйрығының негізінде «Қазақстан Біртұтас энергетикалық жүйесінің Орталық диспетчерлік орталығы бас филиалы» (Қазақстан БЭЖ ОДБ БФ) филиалы құрылды;

- «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің 01.12.2004ж. №3 шешімімен «KEGOC» АҚ «Қазақстан Біртұтас энергетикалық жүйесінің Орталық диспетчерлік орталығы бас филиалы» «Жүйелік оператордың Ұлттық диспетчерлік орталығы» - ЖО ҰДО деп қайта аталды (филиалдың есептік қайта тіркеуі туралы куәлігі 28.12.2004ж. №1948–1910 -Ф-л).

«KEGOC» АҚ 14.11.2005ж. №703 бұйрығымен 15.12.2005ж. бастап 25.01.2006ж. аралығында ЖО ҰДО Алматы қаласынан Астана қаласына ауыстырылды. 

Филиал директоры – Шынасылов Ералы Тұрсынбекұлы.

Персоналының саны 102 адам. 

ЖО ҰДО-ның тікелей жедел басқаруында тоғыз өңірлік диспетчерлік орталық (ӨДО) бар:

1. Ақмола ӨДО (Астана қ.)

2. Ақтөбе ӨДО (Ақтөбе қ.)

3. Алматы ӨДО (Алматы қ.)

4. Шығыс ӨДО (Өскемен қ.)

5. Батыс ӨДО (Атырау қ.)

6. Қостанай ӨДО (Қостанай қ.)

7. Солтүстік ӨДО (Екібастұз қ.)

8. Орталық ӨДО (Қарағанды қ.)

9. Оңтүстік ӨДО (Шымкент қ.)

ЖО ҰДО қызметінің мақсаты:

• Қазақстан БЭЖ-дің сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

• Қазақстан БЭЖ-дің іргелес мемлекеттердің энергия жүйелерімен қатар жұмысын қамтамасыз ету;

• нормативтердің талаптарына сәйкес электр энергиясының сапасын қамтамасыз ету. 

ЖО ҰДО филиалы қызметінің мәні: 

• Қазақстан БЭЖ-де электр энергиясын өндіру, жеткізу және тұтыну режимдерін орталықтандырылған жедел-диспетчерлік басқару;

• электр энергиясының мемлекетаралық ағымдары режимін басқару;

• Қазақстан Республикасының Біртұтас электр энергетикалық жүйесіндегі технологиялық бұзылулардың алдын алуды, оқшаулау және жоюды қамтамасыз ету;

• Қазақстан Республикасының Біртұтас электр энергетикалық жүйесіндегі қуат қорын жедел басқару;

• Қазақстан Республикасының Біртұтас электр энергетикалық жүйесінің сенімді және тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ететін релелік қорғау, аварияға қарсы және режимдік автоматика құрылымын, қағидаларын, орналастыру орындарын, көлемдерін және тағайындамаларын белгілеу.

Диспетчерлік қызмет

Міндеттері:

• Қазақстанның Біртұтас электр энергетикалық жүйесін тәуліктік жедел-диспетчерлік басқаруды жүзеге асыру;

• электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілері жұмысының тәуліктік графиктерін іске асыру;

• ЭКН субъектілерінің электр энергиясын өндіру және тұтынуының нақты және шарттық мәндері арасында ҚР БЭЖ-де электр энергиясының теңгерімсіздігін нақты реттеуді іске асыру; 

• ҚР БЭЖ-дегі технологиялық бұзылулардың алдын алуды, оқшаулауды және жоюды қамтамасыз ету;

• нормативтердің талаптарына сәйкес электр энергиясының сапасын қамтамасыз ету;

• ҚР БЭЖ-де қуаттылық қорларын жедел басқару;

• БЭЖ-схемасы сенімділігін ұстап тұру, ӘЖ және ЖО ҰДО диспетчерінің басқаруындағы және жүргізуіндегі энергия объектілердің жедел схемасын бақылау;

• жабдық және ӘЖ-ні жөндеуге шығару және жұмысқа енгізу бойынша өтінімдерді іске асыру;

• Қызмет қызметінің шеңберінде БМЖ процестерінің нәтижелілігін тұрақты жақсартуды қамтамасыз ету.

Функциялары:

• ҚР БЭЖ-дің ЖО ҰДО диспетчерлік пунктында жедел-диспетчерлік персоналының тәуліктік жұмысын үздіксіз басқаруды жүзеге асырады;

• қызмет тапсырмаларын орындауды қамтамасыз ету үшін нұсқамалық материал әзірлейді;

• өткен тәулік бойынша БЭЖ жұмысының талдауын күн сайын жасайды;

• басқарушылық нұсқауларға сәйкес аварияға қарсы жаттығулар өткізеді;

• диспетчерлік құжаттама нысанын әзірлейді немесе келіседі;

• қосалқы станциялар мен желілердің жедел схемаларының сәйкестігін бақылайды;

• жедел диспетчерлік тапсырмаларды әзірлеуге қатысады;

• авариялық бұзушылықтар бойынша жедел мәліметтерді жинайды және ірі аварияларды зерттеу және олар бойынша аварияға қарсы іс-шараларды әзірлеуге қатысады;

• жабдықтарды жөндеуге шығару және жұмысқа ендіру және оларды бұдан әрі сату бойынша өтінімдерді қарастыруға қатысады;

• өткен тәулік бойынша ҚР БЭЖ-де жұмыстардың жай-күйі туралы есептік құжаттамаларды күн сайын құрады;

• орнатылған тәртіпте шарттық міндеттемелерді орындамайтын ЭКН субъектілеріне қатысты қажетті шараларды қолданады. 

Теңгерімдер және қысқа мерзімді жоспарлау қызметі

Міндеттері:

• Қазақстан Республикасы электр энергиясының орталықсыздандырылған, орталықтандырылған және теңгерімдеуші нарықтарында электр энергиясы мен қуатын жеткізу-тұтыну режимдерін жоспарлау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;

• Қазақстан Республикасы энергия нарықтары субъектілерінің шарт міндеттемелерін орындауларын есепке алу мен бақылау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;

• Қазақстан Республикасы энергия нарықтары субъектілерінің электр энергиясы теңгерімсіздіктерін есепке алу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;

• ЭКН-да электр энергиясын өндіру және тұтынудың тәуліктік кестелері мен теңгерімдерін құруды жоспарлау жөніндегі бағдарламалардың автоматтандырылған кешенін енгізу әдістемелерін, алгоритмдерін әзірлеу және енгізу.

Функциялары:

• Қазақстан Республикасының энергия нарығы субъектілерінің электр энергиясын өндіру, жеткізу, тапсыру және тұтынудың тәуліктік кестелерін құру;

• Қазақстан Республикасының энергия нарығы субъектілерінің өндірген, босатқан және тұтынған электр энергиясы туралы деректерді жедел есепке алу;

• Қазақстан Республикасының энергия нарығы субъектілерінің шарт міндеттемелерін орындауын жедел есепке алу;

• Электр энергиясының теңгерімсіздіктерін табиғи реттеу нәтижелерін жедел есепке алу;

• ҚР электр энергиясының орталықсыздандырылған, орталықтандырылған және теңгерімдеуші нарықтарында электр энергиясын жеткізу және тұтынудың нақты теңгерімдерін құру;

• Электр энергиясының мемлекетаралық ағындары бойынша есептік ақпаратын дайындау;

• ҚР электр энергиясының орталықсыздандырылған, орталықтандырылған және теңгерімдеуші нарықтарының шарттары (электр энергиясын сату-сатып алу, жеткізу, реттеу, теңгерімдеу шарттары) бойынша деректер базасын құру үшін ақпарат жинау, келісу және өңдеу;

• Қазақстан энергетикасының перспективалық даму бағдарламаларын әзірлеуге қатысу.

Релелік қорғау және автоматика қызметі

Міндеттері:

• Жаңа релелік қорғау және электр автоматикасы (РҚА), сондай-ақ аварияға қарсы автоматика (АҚ) құрылғыларын енгізу мен пайдаланудағы құрылғыларды жетілдіруге жедел-техникалық басшылық ету;

• ЖО ҰДО жедел басқаруындағы немесе иелігінде жүйеаралық және жүйе құрушы электр желілерін, шиналар мен байланыс автотрансформаторларын РҚА және АҚ құрылғыларымен жабдықтандыру;

• Қазақстан БЭЖ-де РҚА және АҚ құрылғыларды жаңғыртуды жүзеге асыру кезінде бірыңғай техникалық саясатты үйлестіру.

Функциялары:

• БЭЖ жұмысының сенімділігін арттыруға бағытталған электр жеткізу және электр жабдығының РҚА құрылғылары үшін іс-шаралар әзірлеу мен енгізуді қамтамасыз ету;

• ҚТ және басқа да авариялық режимдер кезінде тоқтар мен кернеулерді есептеу, орындау қағидаларын, типтерін анықтау, РҚА құрылғыларын орналастыру, құрылымдық және қағидалық схемаларды әзірлеу, селективтілік және сезгіштік жағдайларын анықтау, осы құрылғылардың тағайындамалары мен сипаттамаларын есептеу, ЖЭТ филиалдарының РҚА қызметтеріне тапсырма беру және олардың орындалуын қамтамасыз ету;

• РҚА құрылғыларының схемаларын, тағайындамаларын және сипаттамаларын бекіту;

• РҚА және АҚ құрылғыларына қызмет ету бойынша нұсқаулықтар мен жедел нұсқауларды құру;

• жаңа үлгідегі РҚА құрылғыларын әзірлеу мен енгізуге қатысу;

• «КЕGОС» АҚ қаржыландыратын техникалық бағдарламаларды, жұмыс кезеңдерін және аяқталған ғылыми-зерттеу жұмыстарын қабылдауды келісу;

• Зертханалық, далалық және жүйелік сынақтар жүргізуді ұйымдастыру және оларға қатысу, жаңа, қайта құрылатын РҚА құрылғыларын пайдалануды ұйымдастыру;

• БЭЖ жұмыс схемалары мен режимдері бойынша ЖО ҰДО шешімдерін дайындауға қатысу;

• БЭЖ-де авариялар мен жұмыстың қалыпты режимінің бұзылуын тексеру жөніндегі комиссияларға қатысу. РҚА құрылғыларының дұрыс жұмыс істемеу себептерін жою жөніндегі шараларды жедел қабылдау;

• БЭЖ-де жаңа РҚА құрылғыларын пайдалану мен енгізудегі алдыңғы қатарлы тәжірибені қорыту, семинарлар, кеңестер ұйымдастыру және ЖЭТ филиалдарының ең үздік РҚАҚ жұмысының алдыңғы қатарлы тәжірибесін жинақтау жөнінде басқа да іс-шаралар жүргізу.

Электр режимдері қызметі

Міндеттері:

• Қазақстан БЭЖ-дің 220-500-1150 кВ желісінің қалыпты және жөндеу схемаларында тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша режимдік талаптарды әзірлеу;

• Қазақстан БЭЖ бойынша АҚ, ЖБА режимдік қағидалары мен тағайындамаларын әзірлеу;

• Жиілік пен қуат ағындарын, кернеу мен 220-500кВ желінің қатар жұмысының электр режимдерін реттеу жөніндегі нұсқаулықтарды әзірлеу;

• рұқсат етілген қуат, жиілік, кернеу ағыны бөлігінде Қазақстан БЭЖ-дің  электр режимін жүргізу және АҚ-ның желінің ағымдағы режимі мен схемасына сәйкестігін бақылау;

• Электр желілерінің негізгі жабдығында жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізуді жоспарлау және дайындау;

• ЖО ҰДО диспетчерінің жедел басқаруындағы және жүргізуіндегі электр желілердің негізгі жабдығының жұмысқа дайындығын бақылауды жүзеге асыру; 

• 220-500-1150 кВ торап элементтерін, Қазақстан БЭЖ-дің АҚ және РҚА құрылғыларын жөндеуге шығару кезіндегі режимдік жағдайларды әзірлеу.

Функциялары:

• Қазақстан БЭЖ-дің қалыпты және жөндеу схемаларында электр режимдерінің есептеулерін жүргізу;

• Қазақстан БЭЖ-дің статикалық және динамикалық тұрақтылығының есептеулерін жүргізу;

• Қазақстан БЭЖ-дің 220-500-1150кВ торабында қалыпты және жөндеу схемаларында рұқсат етілген қуат ағындарын таңдау;

• Қазақстан БЭЖ-дің қалыпты және жөндеу схемаларында 220-500-1150кВ торабында кернеу деңгейлерін реттеу бойынша іс-шараларын әзірлеу;

• АҚ және ЖБА режимдік қағидаларын және тағайындамаларын белгілеу;

• АҚ құрылғыларының тағайындамаларын есептеу;

• Қазақстан БЭЖ бойынша кернеу кестесін әзірлеу;

• Қазақстан БЭЖ 220-500-1150 кВ торабының реактивтік қуаты бойынша электр режимдерін оңтайландыру. Белсенді қуат пен электр энергиясының ысырабын азайту жөніндегі іс-шараларды әзірлеу;

• Қазақстан БЭЖ 220-500-1150 кВ торабында ағын тарату мен кернеу деңгейі, сондай-ақ ЖБА мен ЖААЖ-ға қосылған қуаты бөлігінде бақылау өлшемдерін жүргізу;

• Тұтынушыларды ЖААЖ-ға және ЖБА-ға электр станцияларының генераторларын қосу жөніндегі шешімдер дайындауды ұйымдастыру;

• Жиілікті реттеу жөніндегі қызметтерге ақы төлеу үшін реттелетін қуаты бойынша есептеулер жүргізу;

• Энергия жүйелерінде ЖБА, ЖАҚҚ көлемдері мен тағайындамаларын беру. ЖБА жөнінде жинақ материалдар құру, ЖБА көлемінің орындалуын бақылауды, сондай-ақ ЖБА жеткіліктілігі мен тиімділігін бақылауды жүргізуге бақылауды жүзеге асыру;

• Қазақстан БЭЖ қалыпты және жөндеу схемаларында 220-500-1150 кВ торапта кернеудің рұқсат етілмеген-деңгейлерін азайту жөніндегі іс-шараларды әзірлеу;

• Жүйеаралық аварияларды тексеру мен аварияға қарсы іс-шараларды әзірлеуге қатысу;

• ВЛ және ЭТЖ жөндеулерінің жылдық және айлық кестелерінің шектес энергия жүйелерімен, режим шарттары бойынша, әзірлеу және келісу, оларды ұстануларды бақылау. 

Энергетикалық режимдер қызметі

Міндеттері:

• Қуат пен электр энергиясының жылдық және айлық теңгерімдерін болжау;

• Қазақстан БЭЖ жұмысының экономикалық режимдері және жалпысалалық техника-экономикалық көрсеткіштерін мониторингілеу, Қазақстанның генерациялайтын жабдықтары паркінің жағдайын бақылау.

• Қазақстан электр станцияларының жылу және гидроэнергетикалық жабдықтарында жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жағдайлар жоспарлау және әзірлеу; 

• ЖО ҰДО диспетчерінің жедел басқаруындағы және қарауындағы электр станцияларының негізгі жылу және гидроэнергетикалық жабдықтарының жұмысына дайындығын бақылауды жүзеге асыру; 

• Қазақстанның су қоймалары мен бірыңғай электр энергетикалық жүйесі режимдерінің су шаруашылық теңгерімдерінің орындалу, ГЭС жұмысының арнайы су жіберулері мен өсіп-өну режимдерін ұстанудың, ұлттық және трансшекаралық су тоғын  тиімді пайдалануды мониторингілеу.

Функциялары:

• Ұлттық мәндегі генерациялайтын көздерді көрсетіп, энергия тораптары, аймақтары және жалпы республика бойынша жүктемелердің айлық максимумдарын талдау; 

• Сипатты кезеңдер үшін (жылдық максимумы, жазғы минимумы, тасқын кезеңі, жылытатын кезеңінің басталуы мен аяқталуы) қуат пен электр энергиясының жылдық теңгерімдерін әзірлеу;

• Қазақстанның электр станцияларында отынның болуы бойынша деректер дайындау;

• Электр станциялардың негізгі жылу және гидроэнергетикалық жабдықтарының күрделі және кеңейтілген ағымдағы жөндеулерінің жылдық кестесін әзірлеу, оны ұстануды бақылау;

• Белгіленген және қолданыстағы қуат бойынша деректер жинау және дайындау, Қазақстан электр станциялары жабдықтарының жаңасын енгізуді, қолданыстағысын қайта маркілеуді және ескісін бөлшектеуді бақылау;

• ГЭС жұмысын және гидрометеорологиялық жағдайды мониторингілеу;

• Гидроэнергетика бойынша жұмыстарын жоспарлау және бақылау, оларды су шаруашылық ведомстволары және ЖО ҰДО арасында үйлестіру;

• ГЭС жұмысының арнайы режимдерін жүргізуді – су тасқыны, табиғатты қорғау сужіберулері, өсіп-өну, мұз, ГЭС жұмысының авариялық режимдерін анықтау және жоюды бақылау. 

• ГЭС жұмыстарының техника-экономикалық көрсеткіштерін есепке алу, ұлттық және трансшекаралық су ағысының гидроресурстарын тиімді пайдалануды бағалау.

Диспетчерлік басқарудың автоматтандырылған жүйесі қызметі

Міндеттері: 

• Қазақстан БЭЖ нақты уақытының жедел-диспетчерлік басқару жүйесін пайдалану және дамыту (ЖАК және SCADA);

• ЖО ҰДО жедел-ақпараттық қамтамасыз ету және басқару жүйесін әзірлеу және ендіру;

• Диспетчерлік-технологиялық басқару жүйесінің жұмысын бақылау (бұдан әрі – ДТБЖ) (байланыс, телемеханика);

Функциялары:

• ЖАК, SCADA жүйелерінің деректер базасын үздіксіз бақылау;

• ЖАК, SCADA деректер базасына өзгерістерді жедел енгізу;

• ЖАК, SCADA графикалық схемаларына өзгерістерді жедел енгізу;

• ЖАК, SCADA телеметриялық ақпаратының болуын және анықтығын мониторингілеу;

• Іргелес энергия жүйелеріне телеметриялық ақпаратты қайта жеткізуді теңшеу және мониторингілеу;

• Диспетчерлік және технологиялық бағдарламалық қамтамасыз етуінің жұмысқа қабілеттілігін үздіксіз бақылау, ақаулықтарды уақтылы жою;

• Диспетчерлік және технологиялық бағдарламалық қамтамасыз етуі орындалатын серверлердің жұмысын бақылау, ақаулықтарды уақтылы жою;

• Диспетчерлік және технологиялық міндеттерінің деректер базасына әкімшілік ету;

• Берілген техникалық тапсырмаларға сәйкес жүйелік және технологиялық бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу және ендіру.

Белсенді-бейімдеу жүйелері қызметі

Міндеттері:

1. Белсенді-бейімдеу жүйелерінің қызметтің құзыреті бойынша Қазақстан БЭЖ-і нақты схемалық режимдік жағдайға сәйкес қызмет атқаруын қамтамасыз етуі 

2. Қазақстан БЭЖ-ін дамыту жөніндегі жобалау және зерттеу материалдарын қызметтің құзыреті бойынша қарау

Функциялары:

1. Белсенді-бейімдеу жүйелерінің:

• Орталықтандырылған аварияға қарсы автоматика (Қазақстан БЭЖ-і ОАҚА)

• WAMS векторлық өлшемдерін мониторингтеу жүйелері

• Жиілік және қуатты автоматты түрде реттеу (Қазақстан БЭЖ-і ЖҚАР) қағидаттарын, параметрлік баптауларын әзірлеу және жаңарту

2. ЖҚАР-ға қосылған Қазақстан БЭЖ-і электр станцияларында реттеу көлемдерін есептеу 

3. Қазақстан БЭЖ-і перспективалық режимдерін ЖО ҰДО диспетчерінің жедел басқаруындағы 500-220 кВ желісі бөлігіндегі есептік пысықтауды жүргізу 

4. Қалыптасқан режимдер мен тұрақтылықты есептеудің жаңа әдістері мен бағдарламаларын игеру мен ендіруге қатысу 

5. Жүйеаралық аварияларды тергеуге және аварияға қарсы іс-шараларды әзірлеуге қатысу