Директорлар кеңесін көтермелеу туралы

Қазақ

«КЕGОС» АҚ басқарушы қызметкерлеріне еңбек ақы төлеу жүйесі Қордың еңбек ақы, сыйақы төлеу және бағалау саясатына сәйкес әзірленген ішкі нормативтік құжаттарымен реттеледі.  

«KEGOC» АҚ акционерлерінің жалпы жиналысының 2015 жылғы 29 сәуірдегі шешімі бойынша (№ 1 хаттама) «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелеріне өз міндеттерін атқарғаны үшін сыйақы төлеу және шығыстарды өтеу мөлшері мен талаптары айқындалды.

 
«КЕGОС» АҚ басқарушы қызметкерлеріне төленетін ақы мынадай төлемдерді көздейді:  
- Лауазымдық қызметақы; 
- ҚР Тәуелсіздігі күніне орай бір реттік сыйақы;
- Бір жылдағы жұмыс қорытындылары бойынша сыйақы.
Басқарма мүшелерінің сыйақысын Директорлар кеңесі Тағайындаулар мен сыйақылар жөніндегі комитеттің ұсынымы бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгілейді.    
Сыйақы Басқарма мүшелерінің негізгі қызметінің көрсеткіштеріне, олардың «KEGOC» АҚ қызметінің нәтижелеріне қосқан жеке үлесі мен біліктілік деңгейіне байланысты, басқарушы қызметкерлердің жоғары жұмыс сапасына қол жеткізуін ынталандыруға бағытталған.
Басқарма мүшелеріне сыйақы төлеу тәртібі Директорлар кеңесі бекітетін негізгі функционалдық қызмет көрсеткіштерін есепке ала отырып, «KEGOC» АҚ ішкі құжаттарымен реттеледі.   
Басқарма мүшелері жұмысының нәтижелілігін бағалау «KEGOC» АҚ қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері белгіленген тәртіпте  бекітілгеннен кейін есептік жыл қорытындылары бойынша аудиттелген қаржылық есептеме негізінде Директорлар кеңесінің шешімімен жүзеге асырылады.  
Сыйақы төлеудің негізгі критерилері дегеніміз «KEGOC» АҚ жалпы корпоративтік көрсеткіштерін орындау, сонымен қатар стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу дәрежесін сипаттайтын негізгі функционалдық қызмет көрсеткіштерін орындау болып табылады.  
Бір жылдағы жұмыс қорытындылары бойынша сыйақы «KEGOC» АҚ бюджетінде осы мақсат үшін көзделген ақшалай қаражат шегінде төленеді. 

«KEGOC» АҚ ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕЛЕРІНЕ СЫЙАҚЫ ТӨЛЕУ ЖӘНЕ ШЫҒЫСТАРЫН ӨТЕУ ҚАҒИДАСЫ