Егiмбаева Жанна Дачерқызы

Қазақ

 

«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «Самрұқ-Қазына» АҚ өкілі, «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі – Тәуелсіз директор       

     

«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің құрамына                   2016 жылғы 28 қазанда алғаш рет сайланды («KEGOC» АҚ Акционерлер жалпы жиналысының № 5-хаттамасы).

 

«KEGOC» АҚ Акционерлерінің жалпы жиналысының 2018 жылғы 27 сәуірдегі шешімімен (№ 8 хаттама) «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болып тағайындалды.

Аффилиирленген тұлға болып табылмайды

1953 жылы 12 мамырда дүниеге келген, РСФКР; Камчатка облысы; Карагин ауданы; Ивашка с.

 Қазақстан Республикасының азаматы, тұрмыста, қызы бар. 

  БІЛІМІ:

  1980- Талдықорған заң техникумы

  1988 - С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті, Заңгер   

 

  ТӘЖІРИБЕСІ:

 1971-1975 - Семей сыртқы трикотаж фабрикасының тігінші-мотористі, Жамбыл аудандық тұрмыстық комбинатының тігінші-мотористі. 

  1975-1981 - Жамбыл аудандық сотының мұрағатшысы, кеңсе бастығы, Алматы облыстық сотының сот мәжілісінің хатшысы.

  1981-1986 - «Казглаввторресурсы» аға заң консультанты, Шарт-құқықтық басқармасы бастығының м.а. 

  1986 – 1988 - Алматы жөндеу-механикалық зауытының аға заң кеңесшісі

  1988-1991 - ҚазССР Мемлекеттік жабдықтау органының Шарт-құқықтық басқармасының бас заң кеңесшісі, бастығының орынбасары. 

  1991-1994 - Қазақстан Республикасы Президенті Аппаратының және Министрлер Кабинетінің Заң бөлімі секторының маманы, референті, аға референті, сарапшысы, бас сарапшысы, меңгерушісі.

  1994-2002 - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің, Үкімет Аппаратының Құқық қорғау бөлімі меңгерушісінің орынбасары. 

  2002 – 2011 - Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының, Премьер-Министрі Кеңсесінің Заң бөлімінің меңгерушісі. 

  2011-2016 - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының орынбасары. 

  2016 жылғы ақпаннан бастап қазіргі күнге дейін - «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-да кеңесші.                  

  2016 жылғы маусымнан бастап қазіргі күнге дейін - «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі – Тәуелсіз директор.

  2016 жылғы қазаннан бастап қазіргі күнге дейін – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «Самрұқ-Қазына» АҚ өкілі

  2017 жылдың маусым айынан бастап қазіргі уақытқа дейін - «Қазақстан инжиниринг» ҰК »АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі.  

 

  Марапаттары:

 «Парасат» (2015), «Құрмет» (2008), «Ерен еңбегі үшін» медалі (2003), Президенттің алғысы және төсбелгісі (2013), Үздік мемлекеттік қызметші (2013)