Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік

Қазақ

«Самұрық-Қазына» АҚ мен «Самұрық-Қазына» АҚ тобына кіретін ұйымдардың қызмет ауқымы көптеген адамдардың мүдделерін қамтиды, елдің бүкіл экономикасын өркендету үшін стратегиялық маңызы зор.

Осыдан «Самұрық-Қазына» АҚ тобының қызметінде мынадай бірқатар аса маңызды қағидаттар туындайды: қоғам мүдделеріне мұқият көңіл бөлу, облыстардың әлеуметтік-экономикалық дамуына тұтастай ықпал ету, оларда қолайлы іскери ахуал құру, лайықты еңбек жағдайын, адамдардың әлеуметтік және рухани игілігін қолдау.

Осыған байланысты компания экономикалық жағына да, әлеуметтік жағына да басым назар аудара отырып, өз бизнесін орнықты дамытуды қамтамасыз етуге ұмтылады.

«Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы мынадай әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарын ұстанады: жаңа жұмыс орындарын құру, қызметкерлерге арналған әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру, демеушілік пен қайырымдылық, экологиялық және білім беру акцияларын жүргізу.

«Самұрық-Қазына» АҚ-ның демеушілік пен қайырымдылық қызметі рухани және ұлттық құндылықтарды жандандыруға, мәдениетті, ғылым мен білімді қолдауға, ғылыми-техникалық прогреске ықпал етуге, салауатты өмір салтын насихаттауға, қорғалмаған тұрғындар бөлігі мен табысы төмен азаматтарға көмек көрсетуге және спортты қолдауға бағытталған.

«Самұрық-Қазына» АҚ-ның «Самұрық-Қазына» АҚ тобына кіретін ұйымдардың қайырымдылық көмек көрсету жөніндегі бірыңғай саясатын «Samruk-KazynaTrust» Корпоративтік Қоры жүзеге асырады (info@sk-trust.kz).

«Samruk-Kazyna Trust» — Қазақстан Республикасында қайырымдылық, әлеуметтік маңызды бағдарламалар мен жобаларды іске асыратын, «Самұрық-Қазына» АҚ Ұлттық әл-ауқат қорының компаниялар тобы жанында құрылған әлеуметтік жобаларды дамыту қоры.

«Samruk-Kazyna Trust» Қазақстан Республикасы Үкіметімен тығыз ынтымақтаса отырып, мынадай бағыттар бойынша қайырымдылық жобаларын іске асырады:

- әлеуметтік және медициналық секторда адамдарға, қоғамдастықтарға көмектесу

- медиа, мәдени қоғамдастық пен адами әлеуетті дамыту

- еңбек және ұлтаралық қарым-қатынастарды нығайту, қоғамның орнықты дамуына инвестициялар салу

- өңірлік және бизнес-бастамаларды қолдау

 

«Samruk-Kazyna Trust»  әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қызметі туралы толық ақпаратпен ресми www.sk-trust.kz  сайтында танысуға болады.

 

Электр энергетикалық компаниялар үшін КӘЖ: бизнес тиімділігін арттырамыз

 

КСО – КӘЖ (корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік)