Экологиялық менеджмент

Қазақ

Экологиялық саясат

 

2008 жылдан бастап енгізілген және ISO 14001:2004 халықаралық стандартына сәйкес қалыптасқан «KEGOC» АҚ экологиялық менеджмент жүйесі (бұдан әрі-ЭМЖ) Компанияның экологиялық саясатына сәйкес барлық экологиялық көрсеткіштер бойынша жақсартуға қол жеткізді.

ЭМЖ негізгі нормативтік құжаттары «Экологиялық менеджмент жүйесі жөніндегі басшылық» және «Экологиялық менеджмент жүйесін жоспарлауды басқару» стандарты болып табылады. Қоршаған ортаға әсер етудің алдын алу және азайту мақсатында «KEGOC» АҚ 2008 жылға арналған экологиялық бағдарламасы әзірленді. Бұдан басқа, бірқатар мынадай құжаттар дайындалды: сәйкестендірілген экологиялық қауіптерге қолданылатын нормативтік талаптар тізілімі, „KEGOC“ АҚ экологиялық аспектілерін сәйкестендіру. Әсер ету ауқымын бағалауды анықтау тәртібіне сәйкес маңыздылық дәрежесі бойынша саралау нәтижесінде «KEGOC» АҚ 2008 жылға арналған маңызды экологиялық акпектілері анықталды.

2008 жылы ЭМЖ дамыту мақсатында «Өндіріс қалдықтарын басқару» ұйым стандарты әзірленді және бекітілді.

2008 жылы экологиялық менеджмент жүйесі шеңберінде және экологиялық заңнама талаптарына сай ЖЭТ филиалдарында «KEGOC» АҚ 2008 жылға арналған экологиялық бағдарламасында мынадай іс-шаралар орындалды:

  • аумақтық қоршаған ортаны қорғау органдарымен «Қоршаған ортаға әсер етуді бағалау» жобасы, ластаушы заттардың шекті рұқсат етілген шығарындылары (ШРШ) және шекті рұқсат етілген төгінділері (ШРТ) нормативтері, қалдықтармен жұмыс істеу нормативтері келісілді;
  • өндірістік қызметтің экологиялық мониторингін жүргізуге шарт жасалды;
  • мамандандырылған полигондарда қатты тұрмыстық және басқа да қалдықтарды, қатты тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтарды қоймалауға және құрамында сынап бар өңделген шамдарды шығаруға шарт жасалды.

ҚР Экологиялық кодексінің 8-тарауына сәйкес ЖЭТ филиалдары ШРШ және ШРТ әзірленген нормативтеріне сай ластаушы заттардың қоршаған ортаға эмиссиясына рұқсат алды.
2008 жылы қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар сомасы 23,6 млн.теңгеге орындалды.

Елеулі экологиялық аспектілердің қоршаған ортаға әсер етуін азайту үшін мынадай міндеттер алға қойылды және орындалды: ҰЭТ жаңғырту жобасын іске асыру барысында қосалқы станциялардың босатылған және бөлшектелген негізгі жабдығын (1535 тонна) және май толтырылған жабдықтан құйылған рансформатор майын (227 тонна) шығару жөнінде жұмыс аяқталды. „KEGOC“ АҚ 2008 жылға арналған экологиялық бағдарламасында жоспарланған мақсатты және жоспардағы экологиялық көрсеткіштерге қол жеткізу жөніндегі іс-шаралар орындалды.

«Қазақстанның Солтүстік-Оңтүстік» транзитінің 500 кВ екінші электр жеткізу желісін салу» жобасын іске асыру кезінде ДҚДБ және ЕҚДБ қаржы институттарымен келісілген табиғат қорғау іс-шаралары орындалды.

2008 жылдың аяғында «Сапа, экология, кәсіби қауіпсіздік және денсаулық сақтау біріктірілген менеджмент жүйесінің ішкі аудиті» стандарттарының талаптарына сәйкес экологиялық заңнаманың талаптарына сәйкес бағалау жүргізу үшін ішкі экологиялық аудит жүргізілді.