«KEGOC» АҚ 2019 жылғы 17 маусымда 2018 жылға «KEGOC» АҚ жай акцияларына (KZ1C34930012) дивидендтер төленетіні туралы хабарлайды

Қазақ

1. 2018 жылғы қызмет қорытындылары бойынша «KEGOC» АҚ жай акцияларына дивидендтер төлеу туралы шешімді «KEGOC» АҚ Акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы 2019 жылғы 3 мамырда қабылдады (№ 13 хаттама). 

2. Дивидендтер төленетін кезең – 2018 жылғы 1 қаңтар мен 31 желтоқсанды қоса алған аралық.

3. Бір жай акцияға дивидендтер мөлшері – 54,53 (елу төрт) теңге елу үш тиын.

4. «KEGOC» АҚ акционерлеріне дивидендтер түрінде төленуге жататын қаражаттың жалпы сомасы – 14 177 724 203,30 (он төрт миллиард жүз жетпіс жеті миллион жеті жүз жиырма төрт мың екі жүз үш) теңге отыз тиын, бұл 20 937 688 063,30 (жиырма миллиард тоғыз жүз отыз жеті миллион алты жүз сексен сегіз мың алпыс үш) теңге отыз тиын мөлшерінде 2018 жылғы бірінші жарты жылдық қорытындылары бойынша бұрын төленген дивидендтерді шегеріп тастағанда, «KEGOC» АҚ таза кірісінің 87,7%-ын құрайды.

5. «KEGOC» АҚ акционерлеріне дивидендтер түрінде төленген қаражаттың жалпы сомасы – 14 177 724 203,30 (он төрт миллиард жүз жетпіс жеті миллион жеті жүз жиырма төрт мың екі жүз үш) теңге отыз тиын.

6. «KEGOC» АҚ-ның 2018 жыл нәтижесінде «KEGOC» АҚ жай акциялары бойынша дивидендтер алуға құқығы бар акционерлерінің тізімі 2019 жылғы 14 мамырдағы жай-күй бойынша тіркелді.