«KEGOC» АҚ акционерлерінің назарына

Қазақ

Осы арқылы «KEGOC» АҚ акционерлеріне «Акционерлік қоғамдар туралы» заңның 23-бабы 4-тармағына сай дивидендтерді төлеу жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдаған сәттен бастап тоқсан күннен кешіктірілмей жүзеге асырылуы тиіс екендігі туралы хабарлаймыз. Тиісінше, «KEGOC» АҚ акционерлеріне 2018 жыл қорытындылары бойынша дивидендтерді төлеу мерзімі (Акционерлердің жылдық жалпы жиналасының шешімі 2019 жылғы 3 мамырдағы №13 хаттама) 2019 жылғы 1 тамызда өтеді, бұл ретте «KEGOC» АҚ 2019 жылғы 20 маусымға дейінгі мерзімде өткізуді жоспарлап отыр. 

«KEGOC» АҚ акционерлеріне дивидендтер түрінде төленуі тиіс қаражаттың жалпы сомасы – 14 177 724 203,30 (он төрт миллиард жүз жетпіс жеті миллион жеті жүз жиырма төрт мың екі жүз үш) теңге отыз тиын, бұл 20 937 688 063,30 (жиырма миллиард тоғыз жүз отыз жеті миллион алты жүз сексен сегіз мың алпыс үш) теңге отыз тиын мөлшеріндегі 2018 жылғы бірінші жарты жылдық қорытындысы бойынша бұрын төленген дивидендтерді шегергенде «KEGOC» АҚ-ның 2018 жылғы таза кірісінің 87,7% құрайды.

Бір жай акцияға есептегендегі дивиденд мөлшері – 54,53 (елу төрт) теңге елу үш тиын.

2018 жыл қорытындысы бойынша «KEGOC» АҚ жай акциялары бойынша дивидендтер алуға құқылы «KEGOC» АҚ акционерлерінің тізімі 2019 жылғы 14 мамырдағы жай-күйі бойынша тіркелген.