«KEGOC» АҚ Акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының қорытындылары туралы

Қазақ

2019 жылғы 3 мамырда мына мәселелер қарастырылған «KEGOC» АҚ Акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы өтті:

1) 2018 жыл бойынша «KEGOC» АҚ жылдық қаржы есептемесін, таза кірісті үлестіру тәртібін бекіту, қарапайым акциялар бойынша дивиденттер төлеу туралы шешім қабылдау және бір қарапайым акцияға шаққанда дивиденттер көлемін бекіту туралы;

2) акционерлердің «KEGOC» АҚ және оның лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне өтініш жасаулары және оларды қарастыру нәтижелері туралы;

3) «KEGOC» АҚ аудитін жүзеге асыратын аудиторлық ұйымды белгілеу туралы;

4) «KEGOC» АҚ Жарғысына өзгерістер мен толықтыруларды бекіту туралы.

Акционерлер 2018 жыл бойынша KEGOC қаржы есептемесін бекітті. Есептемеге сәйкес компанияның шоғырландырылған таза табысы 40,04 млрд теңгені құрады.

«KEGOC» АҚ Акционерлерінің жалпы жиналысы 2018 жылдың бірінші жарты жылдығы бойынша 20,1 млрд теңге көлемінде төленген дивиденттерді шегере отырып, 2018 жыл бойынша «KEGOC» АҚ-ның  40,04 млрд. теңге көлеміндегі таза кірісінің 87,7%-ын құрайтын 14,2 млрд.теңге көлеміндегі соманы дивиденттер төлеуге жіберу туралы шешім қабылдады. 

Осылайша, «KEGOC» АҚ қарапайым акцияларының барлық ұстаушыларына төленетін дивиденттердің жалпы сомасы 14,2 млрд теңгені құрайды. Бұл бір қарапайым акцияға шаққанда 54,53 (елу төрт теңге, елу үш тиын) теңгені құрайды. 

2018 жылдың қорытындылары бойынша «KEGOC» АҚ-ның қарапайым акциялары бойынша дивиденттер алуға құқығы бар «KEGOC» АҚ акционерлерінің тізімі 2019 жылғы 1 мамырдағы 00 сағат 00 минуттағы жай-күй бойынша тіркелетін болады. Дивиденттер төлеу басталатын күн – 2019 жылғы 15 мамыр.

Сонымен қатар «KEGOC» АҚ Акционерлерінің жалпы жиналысы:

- «KEGOC» АҚ және лауазымдық тұлғаларының әрекеттеріне акционерлердің өтініштерінің болмауы туралы ақпаратты назарға алу;

- «Эрнст энд Янг» ЖШС-ны 2019 жыл бойынша «KEGOC» АҚ аудитін жүзеге асырушы ұйым ретінде белгілеу;

- «KEGOC» АҚ Жарғысына өзгерістер мен толықтыруларды бекіту туралы шешімдер қабылдады.