«KEGOC» АҚ-да Өңірлік диспетчерлік орталықтары жедел-диспетчерлік персоналының кәсіби шеберлігі бойынша дәстүрлі конкурс өткізілді

Қазақ

2019 жылғы сәуірдің 15-і мен 19-ын қоса алған аралықта «KEGOC» АҚ филиалдарының Өңірлік диспетчерлік орталықтары (ӨДО) жедел-диспетчерлік персоналының кәсіби шеберлігі бойынша кезекті VIII конкурс өткізілді. Конкурсқа 8 команда қатысты. Бұл командалардың қатысушылары бес кезең бойынша, яғни біліктілікті тексерген, электр қондырғыларында жедел іске қосу-ажырату дағдыларын анықтаған, режимдік міндеттерді шешкен кезде, сонымен қатар ҚР энергия нарығының нормативтік-техникалық құжаттамасы бойынша білімдерін тексеру барысында  өздерінің кәсіби дағдыларын көрсетті.  

Аварияға қарсы жаттығулар кезінде қатысушылар «KEGOC» АҚ жедел персоналының дайындық деңгейі жоғары екенін байқатып, бірегей шешімдерді сәтті көрсете білді.   

Конкурс қорытындылары бойынша «KEGOC» АҚ «Алматы ЖЭТ» филиалы ӨДО командасы І жалпы командалық орынға ие болды. Команда жетекшісі - ӨДО бастығы Ерғали Мұсатаев, қатысушылар – аға диспетчер Мұратбек Шыныбаев және диспетчер Алмас Мұсатаев. 

«KEGOC» АҚ «Ақтөбе ЖЭТ» филиалы ӨДО командасы «Күмісті» иеленді. Команда жетекшісі -  ӨДО бастығы Сергей Гнипа, қатысушылар – аға диспетчер Ринат Фазлыев және диспетчер Дарын Симағанбетов.

ІІІ жалпы командалық орынға «KEGOC» АҚ «Ақмола ЖЭТ» филиалы ӨДО командасы ие болды. Бұл құрамда команда жетекшісі - ӨДО бастығы Геннадий Гавриш, қатысушылар – аға диспетчер Әбдіманап Ілиясов және диспетчер Хайдар Серкебаев.

Сонымен қатар, конкурс нәтижелері бойынша екінші кезеңде («Электр қондырғыларында жедел ажыратып-қосу») «KEGOC» АҚ «Орталық ЖЭТ» филиалы ӨДО аға диспетчері Сергей Некрасов пен «KEGOC» АҚ «Оңтүстік ЖЭТ» филиалы ӨДО аға диспетчері Жұманияз Әділбековтің тапсырмаларды жеке өздері керемет орындағаны атап өтілді.    

Үшінші кезеңде («Режимдік міндеттерді шешу») аға диспетчер Алексей Дорохин («KEGOC» АҚ «Шығыс ЖЭТ» филиалының ӨДО) және Сергей Некрасов («KEGOC» АҚ «Орталық ЖЭТ» филиалының ӨДО) жақсы нәтижелер көрсетті.  

Төртінші кезеңде «KEGOC» АҚ «Шығыс ЖЭТ» филиалы ӨДО қатысушылары Алексей Дорохин мен Руслан Токпаев аварияға қарсы жаттығулардың ең бірегей шешімін ұсынды.