«KEGOC» АҚ командасы шахмат бойынша KPMG VII чемпионатында II орынға ие болды

Қазақ

«KEGOC» АҚ командасы шахмат бойынша өткен KPMG VII чемпионатына қатысып, жалпы командалық есеппен II орынды жеңіп алды. Команда құрамында: ҰЭТ дамыту департаментінің бас маманы Тимур Мәжіков, «Энергоинформ» АҚ қызметкерлері Өркен Мұсаев пен Данияр Бердоңғаров бар.  

KPMG өткізетін дәстүрлі чемпионат Алматы, Нұр-Сұлтан және Бішкек қалаларында жыл сайын өтіп тұрады. Биыл Нұр-Сұлтан қаласында өткен сайыста «Самұрық-Қазына» АҚ, Еуразиялық Топ (ERG), «Транстелеком» АҚ, «Қазақстан даму банкі» АҚ, «KEGOC» АҚ, «Альфа банк» АҚ, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, Қаржыгерлер құрамасы (ҚМГ, BI system, Citibank), KPMG сынды оннан астам компания өкілдері қатысқан. 

Турнирдің жалпы командалық нәтижесі бойынша жеңімпаз атанған командалар:

1 орын – Еуразиялық Топ (ERG)

2 орын – «KEGOC» АҚ

3 орын – Қаржыгерлер құрамасы (ҚМГ, BI system, Citibank)

Сондай-ақ, «KEGOC» АҚ командасының мүшесі Тимур Мәжіковтың жеке есебінде құрметті бірінші орынды иеленді.