KEGOC қызметкерлері «Алматы марафонына» белсене қатысты

Қазақ

2019 жылғы 21 сәуірде өткен «Алматы марафоны» қайырымдылық шарасына KEGOC компаниясынан 9 қызметкер қатысты. Сегізінші мәрте өтіп отырған спорттық шараға биыл Қазақстаннан және әлемнің 53 елінен келген 17 мыңнан астам адам қатысқан.

Биыл марафон қатысушыларына бес қашықтық ұсынылды: Марафон (42 километр 195 метр), Жартылай марафон (21 километр 97,5 метр), 10 километр, балаларға арналған қашықтық (3 километр) және Экиден (марафондық эстафета).

Әр қатысушыға арнайы медаль табыс етілді.