Сақтандыру ұйымдары басшыларының назарына!

Қазақ

Мына мекенжай бойынша орналасқан: Астана қ., Тәуелсіздік даңғылы, 59 -ғимарат «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) акционерлік қоғамы (бұдан әрі - «KEGOC» АҚ) «ұзақ мерзімді бастамалар» сатып алудың санаттық стратегиясын (бұдан әрі – Стратегия) Қор деңгейінде «Медициналық сақтандыру» санаты бойынша іске асыру шеңберінде осы санат бойынша қызметтерді әлеуетті жеткізушілерді («KEGOC» АҚ) 2019 жылға қажеттілігі бойынша анықтау мақсатында сақтандыру ұйымдарының қатысуымен сырттай келіссөздер өткізу жоспарланғанын хабарлайды.

Алдағы болатын сырттай келіссөздерге рұқсат алу мақсатында жеткізушілер «KEGOC» АҚ-ға Стратегияда белгіленген талаптарға сай әзірленген іріктеу мөлшерлеріне сәйкес құжаттар жіберуі қажет. Бәскелес келіссөздерге қатысу үшін өтінімдер берудің соңғы күні 2019 жылғы «28» наурыз Астана қаласының жергілікті уақыты бойынша сағат 12:00-ге дейін. 

 Өтінімдерді қабылдаудың соңғы уақытынан кейін келіссөз тобы жоғарыда көрсетілген талаптарға сай конверттерді ашу рәсімін жүзеге асырады. Ұсынылған құжаттаманы қарау нәтижесі бойынша сырттай келіссөздерге қатысуға рұқсат беру хаттамасына қол қойылады және бұл ақпарат әлеуетті жеткізушілерге қосымша хабарланатын болады.      

Сырттай келіссөздерді жүргізу күні шамамен 2019 жылғы наурыздың «28» бастап «29» қоса алғанда.

Жоғарыда көрсетілген талаптарды алу үшін сырттай келіссөздерге қатысуға іріктеуден өту мақсатында науқастану жағдайында медициналық сақтандыру қызметін көрсету мүмкіндігі туралы ресми сұратуды мына электрондық мекенжайға жіберу қажет: Medetbekova@kegoc.kz  

Барлық қажетті сұрақтар бойынша мына телефондарға хабарлассаңыздар болады +7 (7172) 690417, +77011117816.